Размер шрифта:
↑

«АДАМ БА, ӘЛДЕ ЖИ МЕ? ЕКІ ЗИЯТКЕРДІҢ БӘСЕКЕСІ»

«АДАМ БА, ӘЛДЕ ЖИ МЕ? ЕКІ ЗИЯТКЕРДІҢ БӘСЕКЕСІ»

2026 жылғы 6 қарашада №10 жалпы білім беретін мектептің кітапханасында Леонтьева Алёна Александровнаның ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларына «Кітапхана, сауаттылық және жасанды интеллект» тақырыбы аясында «Адам ба, әлде ЖИ ме? Екі зияткердің бәсекесі» атты қызықты интеллектуалдық квиз-ойын өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — оқушыларды жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен таныстыру, сыни ойлауын, логикасын, зейінін және кітап оқуға қызығушылығын дамыту.

Кездесу барысында оқушылар заманауи технологиялар әлеміне қызықты саяхат жасады! Олар сұрақтарға жауап беріп, әдеби жұмбақтарды шешті, адам шығармашылығы мен жасанды интеллект жасаған жұмыстарды ажыратты, нейрожелінің қателерін тапты және қызықты командалық тапсырмаларды орындады.

Жасанды интеллектіні оқу мен күнделікті өмірде дұрыс әрі қауіпсіз қолдануға ерекше назар аударылды.

Викторина қызықты ойын түрінде өтіп, қатысушыларға жаңа білім мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Іс-шараның басты түйіні: жасанды интеллект — тамаша көмекші, алайда адамның ақыл-ойы, шығармашылығы мен білімі әрдайым маңызды!

Дата: 18.11.2026, 15:59 Автор: №10 ЖББОМ