«Кітап оқитын ұстаз — шабыт сыйлайтын ұстаз»

«Кітап оқитын ұстаз — шабыт сыйлайтын ұстаз»

«Оқитын ұлт» ауқымды жобасы аясында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдеби кездесуі өтті.

Педагогтер оқыған шығармалары туралы әсерлерімен бөлісіп, пікір алмасып, бір-біріне кітап оқуға ұсыныстарын жеткізді. Талқылау барысында «Керемет мұғалім», «Абай жолы. I том» және «Икигай» кітаптары қарастырылды.

Мұндай кездесулер жаңа әдеби шығармалармен танысып қана қоймай, әріптестердің оқырмандық тәжірибесінен шабыт алуға да мүмкіндік береді.

Өйткені кітап оқитын ұстаз — шәкірттеріне үлгі. Кітапқа деген сүйіспеншілік жеке үлгіден басталады!

Дата: 18.11.2026, 9:47 Автор: №10 ЖББОМ