2026 жылғы 6 қарашада Балқаш қаласының «№ 10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектептің «Ана жүрегі» аналар кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті.
2026 жылғы 6 қарашада Балқаш қаласының «№ 10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектептің «Ана жүрегі» аналар кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті.
Отырысқа мектеп сыныптарының өкілдері — 12 ана қатысты.
Мектеп директоры Орымбекова А. К. қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде ананың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі, отбасылық құндылықтарды нығайтудағы және отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Екінші мәселе бойынша аналар кеңесінің қызметіне жетекшілік ететін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шегирова Г. А. сөз сөйледі. Ол қатысушыларды аналар кеңесі туралы ережемен, оның қызметінің негізгі бағыттарымен, мектеп ережелерімен және алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды.
Кездесу барысында қатысушылар бір-бірімен танысып, бірлескен жұмыс, бала тәрбиесі және ата-аналар қауымдастығының мектеп өміріне белсенді қатысуы мәселелерін талқылады.
Отырыс жылы әрі достық ахуалда өтіп, өскелең ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарамайтын, өз үлесін қосуға дайын аналардың басын қосты.
«Ана жүрегі» аналар кеңесі — аналық даналық, қамқорлық және балаларымыздың болашағына деген жауапкершілік тоғысқан бірлестік!