МЕКТЕП – ОҚУШЫ – АТА-АНА: БАЛА МҮДДЕСІ ҮШІН ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

МЕКТЕП – ОҚУШЫ – АТА-АНА: БАЛА МҮДДЕСІ ҮШІН ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Мектебімізде балаларды оқыту, тәрбиелеу, олардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мәселелеріне арналған жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.

Мектеп директоры Орымбекова Айпара Казбековна 2026–2027 оқу жылындағы білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы баяндады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ливицкая Марина Афанасьевна мектеп ережелерін сақтау, мектеп формасына қойылатын талаптар және оқушылардың қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды.

Шегирова Гульсара Абдуманаповна ата-аналарды «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Мектеп психологі Ледовская Татьяна Владимировна психологиялық қызметтің жұмысы, «Балажан» платформасы және 5–11-сынып оқушыларына арналған жаңа курс – қауіпсіздік сабақтары туралы ақпарат берді.

Балалардың денсаулығына ерекше көңіл бөлінді. Балқаш қаласы бойынша ЖИТС орталығы бөлімінің дәрігер-эпидемиологі Бакеев Алибай Калибекович АИТВ инфекциясы мен ЖИТС-тің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру әңгімесін өткізді.

«Ғибрат» жастар ресурстық орталығының басшысы Омаров Виталий Александрович адам папилломасы вирусының (АПВ) алдын алу және вакцинацияның маңыздылығы туралы баяндады.

Жиналыс ата-аналардың үлкен қызығушылығын тудырып, ашық пікір алмасуға және маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Мектеп пен отбасы – балаларымыздың бақытты әрі қауіпсіз болашағы үшін бірлесе жұмыс істейтін біртұтас команда!

Дата: 9.11.2026, 12:18 Автор: №10 ЖББОМ