Размер шрифта:
↑

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: БІР ӘРЕКЕТ БҮКІЛ ӨМІРДІ ӨЗГЕРТУІ МҮМКІН»

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: БІР ӘРЕКЕТ БҮКІЛ ӨМІРДІ ӨЗГЕРТУІ МҮМКІН»

9 қараша күні «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 9–11 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бейнеролик көрсетілді.

Бейнероликтің негізгі ойы — кейде бір ғана соққы, ойланбай қабылданған шешім немесе бір әрекет адамның өз өмірін ғана емес, басқа адамның да тағдырын түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Әрбір жасөспірім өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік арқалайтынын және кез келген жанжалды күш қолданбай, бейбіт жолмен шешуге болатынын түсінуі маңызды.

Мұндай іс-шаралар оқушыларды адам өмірінің құндылығы, ойланбай жасалған әрекеттердің салдары және заңды сақтаудың маңыздылығы туралы ойлануға жетелейді.

Есіңде болсын: бір сәт бүкіл өміріңді өзгертуі мүмкін! Әрекет етпес бұрын ойлан!

Қамтылған оқушылар саны: 105.

Дата: 9.11.2026, 11:49 Автор: №10 ЖББОМ