"Менің елім 10 жылдан кейін" — жас ұрпақтың көзімен болашаққа көзқарас!
Оқушыларымыз Қазақстанды он жылдан кейін қандай ел ретінде елестетеді? Олар өз елінің болашағын қалай көреді, нені армандайды және қандай өзгерістер болғанын қалайды?
«№ 10 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Загальская Нина Валентиновнаның ұйымдастыруымен «Менің елім 10 жылдан кейін» тақырыбында эссе байқауы өтті.
Оқушылар өз шығармаларында Қазақстанның болашағы туралы ой толғап, жеке көзқарастарын, арман-тілектері мен үміттерін білдірді. Әрбір эссе — өмір сүргісі, білім алғысы, еңбек еткісі және өз болашағын құрғысы келетін ел туралы шынайы толғаныс.
Өйткені Қазақстанның болашағы өзімізден — біздің идеяларымыздан, ұмтылыстарымыздан, жауапкершілігімізден және өз күшімізге деген сенімімізден басталады!
Болашақты армандай отырып, біз оны бүгіннен бастап қалыптастырамыз!