«Мектепке жол» акциясы
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында KOUNRAD FOUNDATION қорының қолдауымен 3 отбасынан шыққан 6 балаға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсетілді.
Оқушылардың ата-аналарына «Совенок» дүкенінен мектеп формасын сатып алуға арналған, әрқайсысының номиналы 65 000 теңге болатын сертификаттар табысталды.
Мұндай қолдау отбасыларға балаларын мектепке дайындауға және жаңа оқу жылын сәтті бастау үшін қажетті жағдай жасауға көмектеседі.
Балаларға көрсеткен қамқорлығы, қолдауы және игі де маңызды іске қосқан үлесі үшін KOUNRAD FOUNDATION қорына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Жаңа оқу жылы балаларға мол білім, жарқын жетістіктер мен толағай табыстар әкелсін!

Дата: 19.08.2026, 15:38 Автор: №10 ЖББОМ