Біз таңдайтын жолдар!

Біз таңдайтын жолдар!

Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Балалардың ерте кәсіби бағдарлануы ерекше маңызға ие. Өскелең ұрпақ болашақ мамандығын саналы түрде таңдауы тиіс», – деп атап өтті.

КММ «№10 ОМ»-де бастауыш сыныптан бастап кәсіби бағдар беру жұмысына үлкен көңіл бөлінеді. Бұл – сынып сағаттары, түрлі мамандық өкілдерімен кездесулер, сурет байқаулары және т.б. Кәсіби бағдар берудің бір түрі – тестілеу мен сауалнама жүргізу.

8-сынып оқушылары арасында «Біз таңдайтын жолдар!» атты сауалнама жүргізілді. Оның мақсаты – оқушылардың жеке бейімділігі мен қызығушылықтарын анықтау және болашақ мамандықты таңдауда көмек көрсету.

Сауалнамаға 57 оқушы қатысты.

Сауалнама нәтижелері қазіргі уақытта барлық сегізінші сынып оқушылары мамандық таңдауға толық дайын емес екенін көрсетті. Алайда оқушылардың басым бөлігі «8–9-сыныптарда мамандық таңдау – ең маңызды шешім деп ойлайсыз ба?» деген сұраққа: «Иә, бұл өте маңызды!» деп жауап берді.

Көптеген оқушылар болашақта колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алып, алғысы келетін мамандықтарын атады. Олар – білім беру, медицина саласындағы мамандықтар. Сонымен қатар кейбіреулері супер-аудармашы, бухгалтер, заңгер, бағдарламашы, автослесарь болуды, дәнекерлеуші, слесарь, электрик әулетін жалғастыруды армандайды. Өнер саласындағы мамандықтар да бар: актер, суретші.

«Болашақ жұмысыңызда сіз үшін ең маңыздысы не?» деген сұраққа оқушылардың көпшілігі: «Іске қызығушылық пен лайықты жалақы» деп жауап берді.

Дұрыс мамандық таңдау – жарқын болашақтың кепілі!

Дата: 2.03.2026, 10:26 Автор: №10 ЖББОМ