№10 мектепте әр сәрсенбі күні оқырман күні өтеді!
№10 мектепте әр сәрсенбі күні оқырман күні өтеді!
21.01.26 жылдан бастап мектеп кітапханасы мектеппен бірлесіп бастауыш сынып оқушыларына арналған оқырман минуттарын өткізуде.
Бар болғаны 10 минут — ал балалар үшін кітаптардың тұтас әлемі ашылады ✨
Оқырман күні оқуға деген қызығушылықты қалыптастыруға, оқырмандық сауаттылықты дамытуға және бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастықты нығайтуға бағытталған.
3 «Б» сыныбында оқырман күнін бастауыш сынып мұғалімі әрі кітапханашы Акимова Д.А. өткізді.
Оқушылар қызығушылықпен оқып, шығармаларды талқылап, өз әсерлерімен бөлісіп, кітапты сүюді үйренуде ❤️
10 минут оқу — аз уақыт, бірақ баланың тұлғалық дамуына қосылған үлкен үлес