12.01.2026 жылы «Заң және тәртіп» ЖПІШ аясында Жанатқызы Камила 8–9-сынып оқушыларына (35 оқушы қамтылды) арналған «Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді.
12.01.2026 жылы «Заң және тәртіп» ЖПІШ аясында Жанатқызы Камила 8–9-сынып оқушыларына (35 оқушы қамтылды) арналған «Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді.
Дәріс барысында оқушылардың назары мектепте және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтауға, жол қозғалысы қағидаларына, сондай-ақ соңғы уақытта кәмелетке толмағандар арасында есірткі заттарын тарату және өткізу деректерінің жиілеуіне аударылды. Қызметтік тәжірибеден көптеген мысалдар келтірілді.
Оқушылар жасалған теріс қылықтар мен құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылатыны және Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғаны үшін қолданылатын жаза түрлері туралы ескертілді.
Әңгіме соңында оқушылар аталған құқықтық тақырып бойынша сұрақтар қойды.