Мектепте «Менің құқықтарым — менің жауапкершілігім» тақырыбында саптық жиын өтті

Мектепте «Менің құқықтарым — менің жауапкершілігім» тақырыбында саптық жиын өтті
Айдың құндылығы «Заң және тәртіп» аясында мектебімізде
«Менің құқықтарым — менің жауапкершілігім» тақырыбында жалпы мектептік саптық жиын өткізілді.
Оқушыларға әрбір адамның құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясында және Бала құқықтары туралы конвенцияда бекітілгені, ал құқықтармен бірге міндет пен жеке жауапкершілік қатар жүретіні ескертілді.
Мектеп белсенділері заң, құрмет және адал таңдау туралы өлеңдер оқып, келесі ойларды атап өтті:
— еркіндік — бұл шексіздік емес;
— бір адамның құқығы екінші адамның құқығы басталған жерде тоқтайды;
— заң баршаға ортақ.
Саптық жиын барысында тәртіп сақтау, мінез-құлық мәдениеті, құқықбұзушылық үшін жауапкершілік, соның ішінде интернеттегі әрекеттер туралы да айтылды.
Біздің оқушылар «Bebras» халықаралық информатика байқауын бағындырды!