Размер шрифта:

28 ақпанда біздің қаламызда қоғам қайраткері Ә.Бөкейхановқа арналған "Әлихан Бөкейханов-ұлт тұлғасы атты ғылыми конференция өтті.

28 ақпанда біздің қаламызда қоғам қайраткері Ә.Бөкейхановқа арналған

28 ақпанда біздің қаламызда қоғам қайраткері Ә.Бөкейхановқа арналған "Әлихан Бөкейханов-ұлт тұлғасы атты ғылыми конференция өтті. Конференция барысында қала ұстаздары әр  бағыт бойынша таңдап алған тақырыптары негізінде Ә.Бөкейхановтың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі  мен мұраларын жан – жақты талдады, халқына арнаған идеялары мен зерттеулерін саралап ой бөлісті. Әлихан мұрасының өзектілігі мен өміршеңдігін бүгінгі күннің мәселелерімен байланыстырып, дәлелдеді, салмақты ой тастады. Іс-шара кезіндегі мектеп оқушыларының  күмбірлете төккен күйлері мен әндері  ерекше әсер берді.Осы іс-шараны ұйымдастырған мектеп ұжымына және тақырып төңірегінде қайраткердің жаңа қырын ашып, құнды ойларымен бөліскен ұстаздарға шексіз алғысымды білдіремін!

Абеубекова Шынар Айтбековна

10 мектеп мұғалімі

Дата: 3.03.2025, 10:04 Автор: №10 ЖББОМ