11-қыркүйекте 10 сынып оқушылар арасында «Кітап fest» дөңгелек үстелі өтті
Қазақстан халықтарының тілдер мерекесін атап өту аясында оқушыларды тіл құдіретін терең сезініп, үштілділікті меңгеріп,мемелекеттік тіл-қазақ тілінде қарам-қатынас жасай білу,әдеби кітаптарды оқып түсіну деңгейіне жеткізуді мақсаттап, 11-қыркүйекте 10 сынып оқушылар арасында «Кітапfest» дөңгелек үстелі өтті.Оқушылар өздері оқыған,оқып жүрген кітаптарының төңірегінде талқылау жүргізді,ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстелді ұйымдастырып, өткізген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Шегирова Г.А. білім алушыларға күнде 30 минут кітап оқуды әдетке айналдырудың пайдасы туралы,кітап оқудың пайдасы мен маңызы туралы кіріспе сөз айтты.Оқушылар осы тарапта өз ой түйіндерімен,өмірлік тәжірибелерімен алмасты. Әр оқушы өзініңоқып жүрген кітабының мазмұны ,авторы туралы айтты.Бытов Владислав Дейли Карнегидің тағылым кітаптарын жас кезінен отбасымен бірге оқып,өмірлік ұстанымына айналғанын айтты.Смаилова Карина фантастикалық жардағы кітаптарды бала кезінен ұнатып оқитынын және сол арқылы ой қиялының ұшқырлығының өзгеріп келе жатқанын сөз етті. Филипова Ангелина адам психологиясың құрылысын оқып,зерттеп жүргені туралы айтса,Даревская Виктория Абайдың қара сөздерінің құдіретімен бөлісті. Кездесудің соңында топ ішінде тыңдап отыр ған оқушылар Денисов Н. Мен Тризнов А. Келесіде кітап оқуды бастайтындарын жіне қаншалықты қызықты болғанын айтып жеткізді. Жалпы, отырыста кітап оқудың маңыздылын қайталап айтқан мұғалім Шегирова Г.А. ,өз ісімен дәлелдеп жүрген әлемге, Қазақстанға аты танымал кәсіпкерлер мен жетістікке қол жеткізген тұлғалардың есімдері туралы презентация арқылы танытты және пайдалы кеңестер айтты.