«Қауіпсіз терезелер» республикалық ақпараттық науқанының тұжырымдамасы

Жалпы ақпарат:

Қазіргі уақытта көпқабатты үйлердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі сәбилердің терезеден құлау жағдайларының жиілеуіне байланысты өзекті болып қала береді. Бұл әсіресе 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Жазатайым оқиғалардың себебі-ата-аналардың, ересек туыстардың жауапсыз қарым-қатынасы.

Ата-ана міндеттеріне немқұрайлы қарау ата-аналардың балаларға ашық терезеден құлап кету қаупін түсіндірмеуінен, терезеге тор орнату, ашу тұтқаларын бұғаттау сияқты шараларды қолданбауынан көрінеді.

Сондықтан ұсынылып отырған акция мектепке дейінгі, мектептегі, мектептен тыс білім беру ұйымдарында ата-аналар жиналысы, ертеңгіліктер, сыныптан тыс жұмыстар түрінде ересектермен және балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы ықтимал қайғылы жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Ақпараттық науқанның мақсаты:

балалардың терезеден түсуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалардың терезеден түсуі нәтижесінде болуы мүмкін қайғылы салдарлар туралы ата-аналардың назарын қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару.

Ақпараттық науқанның міндеттері:

ересектер мен балаларды қоса алғанда, жұртшылықтың хабардарлығын арттыру:

балалардың көпқабатты үйлердің ашық терезелеріне шектеусіз қол жеткізуінің қауіптілігі туралы;

балалардың өмірі мен денсаулығы үшін ата-аналардың жауапкершілігі туралы;

Акцияны өткізу кезеңі:

3-14 сәуір 2023 жыл

Іс-шараларды өткізу географиясы:

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары, Астана, Алматы және Шымкент қалалары

Ақпараттық науқанды ұйымдастырушылар:

ҚР Білім министрлігі, білім, ішкі саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының полиция департаменттері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар (келісім бойынша), бұқаралық ақпарат құралдары балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

Ақпараттық науқанның мақсатты топтары:

ата-аналар (заңды өкілдер), балалар, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары.

Ақпараттық науқанның ерекшеліктері:

Республикалық ақпараттық науқан шеңберінде еліміздің әрбір өңірінде облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, үкіметтік емес ұйымдар мыналарға бағытталған іс-шаралар өткізетін болады:

1) балалардың терезеден түсуі нәтижесінде болуы мүмкін қайғылы салдарлар туралы ата-аналардың назарын аудару-білім беру ұйымдарында ата-аналар мен оқушылар үшін тақырыптық ақпараттық стенділерді ресімдеу және жаңарту, парақшаларды тарату, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде балалардың терезеден түсуінің алдын алу бойынша ата-аналарға арналған бейнероликтерді, жадынамаларды орналастыру, БАҚ-та мақалалар, сұхбаттар жариялау, ақпараттық материалдарды шығару және тарату, тақырыптық семинарлар, сынып сағаттары, флеш-мобтар, челлендждер, конкурстар, тақырыптық ойындар және т. б. өткізу.;

2) жауапты ата – ана болуды насихаттау-ата-аналар үшін құқықтық жалпыға бірдей оқытуды ұйымдастыру, ата-аналар жиналыстарын, консультацияларды, семинар-тренингтерді және т. б. өткізу.

Іс-шараларға медиа-сүйемелдеу жүргізу, анонстар, тақырыптық роликтер шығару.

Күтілетін нәтижелер:ата-аналар мен балалардың хабардар болу деңгейін арттыру, ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тартуды жандандыру.

Дата: 31.03.2023, 16:35 Автор: №10 ЖББОМ