2023 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасында Алғыс айту күні атап өтіледі.
2023 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасында Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл күн барлық Қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігі, достығы мен сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі болып табылады. Инклюзивті білім беру айлығы аясында «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де бұл күні ұлты мен әлеуметтік қатыстылығына қарамастан адамдардың құқықтарын құрметтеуге баса назар аударылған іс-шаралар мен әңгімелер өтті. Күн мектеп мұғалімдері және оқушыларымен Алғыс айту үйірмесін өткізуден басталды. Мектеп оқушылары өз мұғалімдеріне, мектеп қызметкерлеріне, ата-аналарына, сыныптастарына, достарына алғыс сөздерін айтты.


Дата: 1.03.2023, 16:47 Автор: №10 ЖББОМ