2022 жылғы 18 қарашада өрт болған жағдайда іс-қимылдарды тәжірибелік жаттығу мақсатында Балқаш қаласының «№10 ЖББМ» КММ-де ұйым қызметкерлерімен
2022 - 2023 жылдардағы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өртті алдын алуды жүргізу іс-шаралары жоспарының 21-тармағын орындау мақсатында 2022 жылғы 18 қарашада өрт болған жағдайда іс-қимылдарды тәжірибелік жаттығу мақсатында Балқаш қаласының «№10 ЖББМ» КММ-де ұйым қызметкерлерімен, білім алушылармен және педагогтармен «Өрт туындаған кезде тұрақты құрамның және балалардың іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу - жаттығудың мақсаты - оқу орнының өрт кезінде көшіру іс-шараларды орындауға дайындығын тексеру, өрт кезінде көшіру іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде сауатты іс-қимылдар мен дұрыс мінез-құлықтың практикалық дағдыларын игеру;
Көшіруден кейін мектеп директоры орынбасарларын, оқу-жаттығуды келістірушілерді тыңдап, қорытынды жасады. Оқушылармен жалпы жиында өрт кезіндегі іс-әрекеттер ітуралы қосымша нұсқаулық өткізілді.


