Балқаш қаласының «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2022 жылғы 17 қарашада «Жер сілкінісі болған жағдайда тұрақты құрамның және балалардың іс-қимылдары» тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығулар өткізілді.
Балқаш қаласының әкімі 3.12.2021 жылы бекіткен азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу жоспарына сәйкес және балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында Балқаш қаласының «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2022 жылғы 17 қарашада «Жер сілкінісі болған жағдайда тұрақты құрамның және балалардың іс-қимылдары»тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығулар өткізілді.
Оқу жаттығуларының мақсаты-жер сілкінісі болған жағдайда мектептің азаматтық қорғау іс-шараларын орындауға дайындығын тексеру, жер сілкінісі болған жағдайда сауатты іс-қимылдар мен дұрыс мінез-құлықтың практикалық дағдыларын игеру.
Оқу-жаттығуға барлық педагогтар мен техникалық қызметкерлер, мектептің барлық оқушылары қатысты. Әр сыныпта жер сілкінісі болған кездегі әрекеттер жаттықтырылды. Жалпы жиында төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша ұсынымдар мен қорытындылар шығарылды.

