Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығында елімізде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігін құру туралы шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығында елімізде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігін құру туралы шешім қабылданды. Содан бері ұйым жас ұрпақтың бойында патриотизм, гуманизм, толеранттылық және демократия рухын қалыптастырды. 22 қазанда Қазақстан Республикасы күніне орай «Жас Ұлан» ББЖҰ қатары 5-6 сыныптардың 112 оқушысымен толықтырылды. Балалар мақтаныш пен жауапкершілік сезімімен мерекеге дайындалды: ант пен әнұранды үйретті, зияткерлік, спорттық және шығармашылық байқауларға қатысты. Ең үздік балалар құрмет грамоталарын алды!





Дата: 23.10.2022, 12:46 Автор: №10 ЖББОМ