2022 жылдың 12 қазанында қаламыздың Оқушылар сарайында 25-қазан Қазақстан Республикасы күніне орай «Ұлтымыщдың Ұлы ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлы» атты театрландырылған сахналық қойылым байқауы өтті.Байқауға қала мектептерінен 9 мектеп оқушылары қатысты.

Біздің «Балқаш қаласы ЖББ №10 мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері жетекші еткен бір топ оқушы Ахмет Байтұрсыновтың қазақ қоғамына қосқан зор үлесі, қазақ тіліне тән дыбыстардың пайда болған сәті мен әйгілі «Қазақ» газетінің тағдырын сахна қойылымы ретінде көрермен қауымға жеткізе білді. Басты рөлді ерекше талаппен сомдаған 11 сынып оқушысы Бойко Данил әділқазылар алқасының қолынан «Үздік әртістік бейнені сомдаушы» алғыс хатымен марапатталды. Жалпы санақ бойынша мектебіміз жүлделі І орынды қанжығаға байладық. Сахналауды жетектеген ұстаздарда қалалық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
Келешек ұрпаққа халқымыздың бір туар азаматтарының еңбегін ардақтап, бойларына рухани азық алып өсе беру жолындағы еңбегіміз абыройлы, нәтижелі бола берсін.
ЖББ №10 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Шегирова Г.А.