"Көңілді планетаға қош келдіңіз".
Осындай сөздермен балаларды бүгін ашылған "№ 10 жалпы білім беретін мектеп " КММ жанындағы лагерьде тәрбиешілер, хореограф, спорт нұсқаушысы қарсы алды.
Саяхат барлық ғарышкерлер үшін міндетті медициналық тексеруден және тапсырма алудан басталды. Ұшу аяқталғаннан кейін балалар гүлдер еліне қонды. Мұнда балалар 21 маусым Дүниежүзілік гүлдер күні екенін біліп, өздерінің сүйікті гүлдері туралы әңгімелесті, мектеп аумағында және қалалық гүлзарларда қандай гүлдер өсетінін білді. Балаларды "өмір гүлдері"деп те атайды. Ұшу аяқталғаннан кейін жас ғарышкерлер өздерінің жеке "борттық журналын"толтыра бастады. Онда олар өз әсерлерімен бөлісті.
Ертең бізді көңілді планетамыздағы жаңа ел күтеді. Бұл ел бізге қандай оқиғалар дайындайды - біз ертең білеміз.




