"Жазғы мектеп-2021" балаларды қарсы алады!
2021 жылдың 26 мамырынан бастап Балқаш қаласының "№ 10 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де Жазғы мектеп өз жұмысын бастады. "Оқыту-ынтамен!"- осындай ұранмен мектеп педагогтары жазғы мектепте оқытуды ұйымдастырды. Барлық ниет білдірген 1-10 сынып оқушылары үшін білім сапасын арттыру және қашықтықтан оқыту кезеңінде алған білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша сабақтар ұйымдастырылды. Балаларды қызықты тәжірибелік сабақтар, эксперименттер мен зерттеулер күтеді. "Болашақ үздік оқушылармен сабақ" – бұл балаларды психологиялық қолдау бағдарламасының атауы.
Құрметті балалар! Жазғы мектеп сізді күтеді! Қош келдіңіздер!




Дата: 27.05.2021, 21:58 Автор: №10 ЖББОМ