Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайы 5-11 ақпан аралығында қала мектептерінің өлкетану мұражайларының экскурсоводтары арасында конкурс өткізді.

Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайы 5-11 ақпан аралығында қала мектептерінің өлкетану мұражайларының экскурсоводтары арасында конкурс өткізді.

Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайы 5-11 ақпан аралығында қала мектептерінің өлкетану мұражайларының экскурсоводтары арасында конкурс өткізді. Бұл танымдық іс-шара екі кезеңнен тұрды.
"Өлке тарихының мұражай - қазынасы" бірінші кезеңінде байқаудың қазылар алқасының мүшелеріне таныстыру роликтері ұсынылды, онда жас гидтер мектеп мұражайына қысқаша экскурсия жасады.
Екінші кезең қалалық тарихи-өлкетану музейінде өтті.
Қатысушылар виртуалды көрермендерді кешеннің тақырыптық экспозицияларының бірімен таныстырды. Біздің мектептің экскурсоводы 11 сынып оқушысы Пяхно Анна болды. Ол экспонаттарды көрсетіп, оңтүстік Балқаш өңірінің флорасы мен фаунасы туралы айтып берді.
Байқау қорытындысы бойынша Анна мектептің ең үздік экскурсоводтарының бірі болып танылды, оған 2 дәрежелі диплом мен естелік сыйлық табыс етілді. Жарайсың! Құттықтаймыз!

https://youtu.be/qMbhH37L2jg

Дата: 20.02.2021, 14:53 Автор: №10 ЖББОМ