Елбасының Көшбасшылық Сабақтары
Жыл сайын 1 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі. Бұл мемлекеттік мереке 2012 жылы бекітілген және ол еліміздің дамуына қосқан үлесі өте жоғары бағаланатын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты құрметтеуге арналады. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімі ел тарихына алғаш жол салушы ретінде мәңгілікке енді, ол елдің қалыптасуы мен дамуы үшін зор жауапкершілікті өз мойнына алды. Оның халық алдындағы еңбегі туралы ұрпақтары білуге тиіс. Сондықтан Тұңғыш Президент Күні бекітілді. Бұл күні мыңнан аса қиын, бірақ қуанышты сәтте еркіндік пен егемендікті алған күн. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Нұр Отан" партиясы құрылды, ол оның көшбасшысы болып табылады. Оның тікелей басшылығымен партия еліміздің жетекші саяси күшіне айналды, ауқымды реформаларды жүзеге асыруға атсалысып, Қазақстандықтардың құрметіне және беделіне ие болды.
25.12.2020 жылы мереке қарсаңында "Балқаш қаласының №10 ЖББОМ" КММ-де "Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары "тақырыбында "Нұр Отан " партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Секербекова Бибігүл Мәжитқызымен кездесу өтті.


Кездесуге 8-11 сынып оқушылары, педагогтар мен ата-аналар қатысты. Бибігүл Мәжитқызы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев көшбасшысы болып табылатын "Нұр Отан" партиясының қызметі туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.


Кездесу Қазақстанның жас ұрпағы үшін қызықты әрі танымды болды!


Алға, Қазақстан! Қазақстан жасасын!