2020 жылдың 21 қазанында сағат 15.00-де 7-11 сынып оқушылары С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана директоры, қалалық мәслихат депутаты Власова Лидия Владимировнамен онлайн форматта кездесу өткізді.
2020 жылдың 21 қазанында сағат 15.00-де 7-11 сынып оқушылары С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана директоры, қалалық мәслихат депутаты Власова Лидия Владимировнамен онлайн форматта кездесу өткізді. Бұл кездесу "Рухани жаңғыру" бағдарламасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде өткізілді, ол туралы директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Л.В. Кириченко айтып, қонақ ретінде таныстырды. Лидия Владимировна балаларды өзінің өмірбаянымен таныстырды, кәсіби қызметі, кітапхана қала тұрғындарымен өткізетін іс-шаралар туралы айтып берді. Лидия Владимировнаның сөзінен кейін кездесуге қатысушылар депутаттық жұмыс туралы, "Бір отбасы – бір кітап" жобасына жеке қатысу туралы, қаланың экологиялық жағдайы туралы сұрақтар қойды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Кездесу жас ұрпақ үшін қызықты әрі пайдалы болды.

