Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауына пікір
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші қыркүйектегі Жолдауының басымдықтарымен үлкен қызығушылықпен танысып шықтық.Әлемді жаулаған пандемияның ел экономикасына, жалпы әдетті өмірге күрделі өзгерістер әкелгенін негіздей келе, Отанымыздың экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға бар күшті ұлғайтуды мақсаттады. Жасалатын ауқымды істің бәрі Қазақстан мемлекетінің саясатындағы ең басты капиталы – адам екендігіне көзі жеткен экономикалық және саяси жетілудің шыңынан көрінеді. Жолдауда атап көрсетіліп, Үкіметке тапсырма ретінде берілген – білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық табысын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жақсаруы – міне, адам капиталын инвестициялауға жасалған осы шаралардың бәрі қазақстандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз.Президеттің Жолдауындағы біздерді қуантқан мәселенің бірі ,ауыл шаруашылығынын дамытпай, ел экономикасының бәсекеге қабілетті бола алмауы жөніндегісі. Себебі, халықтың біраз бөлігі ауылды жерде тұрақталғандығы. Осы орайда, айтарымыз,осы Жолдаудың азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне, өмірлік маңызды мәселелерге және әлеуметтік қорғалуына дағдарысқа қарамай, орындалуының бағдарлануы назар аударуға тұрарлық әрі құптарлық іс.
Білім саласына қатысты қолжетімді білімалуға негіз болатын іс-шараларды жетілдіру, қашықтықтан оқытуға арналған біріңғай онлайн платформа дайындалуы қажет екенін атап айтты. Ел келешегі бүгінгі оқушы терең білім алуын тоқтатпайтындай, мектеп жасындағы балаларға бар мүмкіндік жасалу керектігін талаптады. Әр баланы компьютермен, интернетпен қамтамасыз етіуді, спортқа баулу, спорт клубтары мен секцияларын, үйірмелер ашылу керетігін заман талабына ұштастырды. Бұл ,әрине, қуанарлық жәй. Ұстаздар қауымының жалақысы 2021 жылы 1-қаңтардан 25 пайызға көтеріліп, әрі де жалақыны көтеру жалғаса беретінін айтты.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы Жолдауының орындалуы экономикалық тетіктермен бекітілгені, нақты жоспарлардың белгіленгені және орындалуын қадағалайтын қажетті бақылау жүйесімен астасқанын айтамыз. Мұны біз, ұстаздар қауымы жақсы түсінеміз, қолдаймыз.
Президенттің Жолдауда көрсеткен барлық мақсаты орындалып, Қазақстан халқының табыспен өркендей беруіне тілектеспіз.
«Балқаш қаласының № 10 ЖББОМ» ММ мұғалімдер ұжымы.


