"Теңге – тәуелсіздігіміздің символы, мемлекеттілігіміздің символы
10 қарашада 5-7 сынып оқушылары үшін "Теңге – тәуелсіздігіміздің символы, мемлекеттілігіміздің символы" атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.Іс-шараны "Әкелік иық" әкелер кеңесінің төрағасы А. С. Русских өткізді. Алексей Сергеевич балаларға қазақстандық валюта туралы бейнефильм көрсетті, теңгенің құрылу тарихын айтты. Сонымен қатар Алексей Сергеевич балаларға көп жыл бойы жинаған ақша белгілерінің коллекциясын көрсетті. Оқушылар коллекциялық монеталарды үлкен қызығушылықпен қарады, сұрақтар қойды, ұлттық валютаның мәні туралы әңгімеге қатысты. Іс-шараға "Северное Прибалхашье" газетінің тілшісі И. А. Мирошина қатысты.
Дата: 14.11.2018, 13:53 Автор: №10 ЖББОМ