«Балқаш қаласының № 10 ЖББОМ» КММ-де IT-сыныптың ашылуы туралы ақпарат
«Балқаш қаласының № 10 ЖББОМ»КММ-де IT-сыныптың ашылуы туралы ақпарат
2018 жылдың 9 қарашасында «Балқаш қаласының № 10 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ-де IT-сыныптың салтанатты ашылуы өтті. Шараға құрметті қонақтар – Нұр Отан партиясының қалалық филиалы төрағасының орынбасары Секербекова Б. М., Балқаш қаласының әкімі Аглиулин А. М., қалалық мәслихат хатшысы Тейлянов К. Г., Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Жаксылыкова С. Ж., қалалық білім бөлімінің басшысы Ағдарбекова Г. Ж., облыстық мәслихат депутаты Аларин А. О. қатысты. Қонақтарды мектеп үгітбригадасының мүшелері және "Фиксики"мультипликациялық фильмінің костюмдік кейіпкерлері қарсы алды.
Кабинетті таныстыру бағдарламасында бірінші сынып оқушыларына арналған «Математикалық құрастыру», «Screach»(5 сынып), Робототехника (9 сынып), «Болашақ инженерлері»(8 сынып) факультативтік сабақ үзінділері ұсынылды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. А. Ливицкая бірінші сынып оқушылары зияткерлік ойындарды меңгеріп жатқан сабақтар туралы айтты. Мектеп 19 түрлі, 77 дана зияткерлік ойын түрлерін алды. Бұл ойындар балаларға ойлау логикасын, математикалық ой-өрісін дамытуға көмектеседі. Информатика және бастауыш сынып мұғалімдері арасынан 6 мұғалім семинарға қатысып, сертификаттарға ие болды.
Информатика пәнінің мұғалімі А. К. Орынбаеваның жетекшілігімен 5 сынып оқушылары «Screach»үйірмесінің сабағында компьютерлік ойындарды құрастырудың қыр-сырын меңгеруде.
Екінші жыл мектепте «Робототехника» үйірмесі жұмыс істейді. 9 сынып оқушылары өздері жинаған Роботтар туралы қызығушылықпен айтып, олардың іс жүзінде мүмкіндіктерін көрсетті. Үйірме жетекшісі-жас маман, технология мұғалімі Дәуренбеков У. Е. Балалар өткен оқу жылында Қарағанды қаласында өткен «Roboland»халықаралық форумының қатысушылары болып табылады.
10 сынып оқушысы Остапенко Александр барлық қатысушыларды бағдарламалау саласындағы өз білімімен қызықтырды.
IT сынып ашылуының арқасында мектеп оқушылары PTC_Creo бағдарламасын «Болашақ инженерлері»факультативі сабақтарында меңгеруге мүмкіндік алды (жетекшісі - информатика мұғалімі Г. А. Ахмеджанова).
Жаңа IT сыныбы жаңа жиһазбен жабдықталған, компьютерлік техника, 3D принтер сатып алынды. Бастауыш мектептен бастап оқушыларды заманауи ІТ технологияларына оқыту үшін барлық жағдай жасалған.
Директор Алибекова Г.Т.