Облыстық сенбілік өткізу туралы ЖББ №10 орта мектеп ақпараты 21.04.2018 жыл
Облыстық сенбілік өткізу туралы
ЖББ №10 орта мектеп ақпараты
21.04.2018жыл
21 сәуір күні облыстық сенбілікке ЖББ №10 мектеп ұжымы қатысты. 5,6 сынып оқушылары мектеп ауласының учаскелерінде жұмыс істеді.

Техникалық қызметкерлер ағаштарды ақтады.
7-10 сынып оқушылары Бөкейханов және Желтоқсан көшелерінде орналасқан алаңдарға сенбілікке барды. Сенбілік барысында тұрмыстық қоқыс жиналды, тротуарлар сыпырылды.

АӘД оқытушысы Л.Г.Кочетков пен «Отцовское плечо» Әкелер кеңесінің төрағасы А.С. Русских жетекшілігімен мектеп белсенділері - 9 сынып оқушыларының тобы мектеп ауласында жұмыс жасады: Астананың 20 жылдығына арналған «Астана - Арман Қала» аллеясында жас көшет отырғызу үшін жер жыртылды, шұңқырлар, тыңайтқыштар, су дайындалды.Мектептің белсенділері көшеттерге түрлі-түсті лента байлады. Көшеттерді баптап, оларға қамқорлық жасау үшін сыныптар бекітілді.
