Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 10.01.2018ж. Қазақстан халқына Жолдауын «Төртінші Индустриялық революция жағдайында жаңа мүмкіндіктер» нақтылау және талқылау бойынша шараларды өткізу туралы ЖББ № 10 ақпараты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 10.01.2018ж. Қазақстан халқына Жолдауын «Төртінші Индустриялық революция жағдайында жаңа мүмкіндіктер» нақтылау және талқылау бойынша шараларды өткізу туралы
ЖББ № 10 ақпараты.
10.01.2018 ж. республикалық телеарналарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына сөйлеген сөзі тыңдалды. Сол күні ақпараттық стендте, кітапханада және дәрісханалар мен сынып бұрыштарында «Елбасы Жолдауының аясында» деген тақырыпта материал жасалды.
Жолдауға мектеп ұжымы атынан пікір жазылды.13- қаңтар күні «Талқылаймыз және қолдаймыз!» атты педагогикалық ұжым мен мектеп қызметкерлерінің кездесуі өтті,онда тарих пәнінің мұғалімі, ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі Н.В.Сидорова сөз сөйледі.Өз сөзінде Наталья Викторовна Жолдаудың негізгі ережелеріне тоқталды, мұғалімдер жүзеге асыратын жетінші тапсырмаға ерекше назар аударылды.

Сөзінің соңында Н.В.Сидорова «Мемлекет басшысының білім беру жүйесімен байланысты міндеттерін жүзеге асыру мұғалімдердің біліктілігін арттырудың ынталандырушы серпініне айналады және адам капиталын дамытуға әкеледі» деді.15.01 мектеп оқушылары үшін линейка өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімі Т.А.Ремнева басшылығымен дайындалған Мемлекет басшысының Жолдауы туралы ақпаратпен 10-сынып оқушылары сөз сөйледі. Сол күні барлық сыныптарда «Біз Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын қолдаймыз және зерттейміз» атты әңгімелесу сағаттары өтті. 10-11 сыныптарда патриотизм сабақтары жүргізілді.


«Үздікке ұмтылу - болашақта табыстың кепілі » ұранымен оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшылары жиыны өткізілді. Жиынның басты мәселесі - бұл Жолдауды зерттеу.

2018 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында ата-ана қоғамымен кездесу өтеді.