ЖББ №10 орта мектепте Мұғалімдер күніне арналған іс-шараларды өткізу туралы ақпарат 29 қыркүйек 2017 ж.

ЖББ №10 орта мектепте Мұғалімдер күніне арналған іс-шараларды өткізу туралы ақпарат 29 қыркүйек 2017 ж.

ЖББ №10 орта мектепте

Мұғалімдер күніне арналған іс-шараларды өткізу туралы ақпарат

29 қыркүйек 2017 ж.

       Мұғалімдер күні -кәсіптік мерекесі қарсаңында мектеп парламенті мен көшбасшылар Кеңесінің отырыстары өткізілді.Мереке күнін өткізу жоспары құрастырылды. Сыныптар шығармашылық тапсырмалар алды. Сабақтар аяқталғаннан кейін мектепті безендіру басталды. 11 сынып мұғалімдер бөлмесін, 10,9 – сыныптар - акт залын рәсімдеді. Мерекелік шараға қарсы мектеп фойесі де безендірілді.Барлық сынып оқушыларының шығармашылық топтары концерттік нөмірлер дайындады. 29-қыркүйек күні, таңертең,10-11 сынып оқушылары, салтанатты түрде, мұғалімдерге әуе шарларын сыйлап, оларды төл мерекелерімен құттықтады.

Сабақтан кейін мектептің мәжіліс залында сынып оқушыларының шығармашылық ұжымдары мен кәсіби көркемөнерпаздар дайындаған мерекелік концерт өтті. Концертте педагогиканың еңбек ардагерлері мен ата-аналар болды. Концерттік бағдарлама нөмірлері әртүрлі жанрларды қамтыды: балалар мектеп тақырыбында көрініс көрсетті, тақпақтар, өлеңдер айтты. Концертте«Каскад»ЖЖИ жасағы , «Денс класс»би тобыөнерлерін көрсетті

Мұғалімдер оқушыларға алғыстарын білдіріп, шығармашылықта, оқуда табыс тіледі.

Дата: 19.10.2017, 6:41 Автор: №10 ЖББОМ