Размер шрифта:

2015-2016 оқу жылы №5 орта мектеп

Егеменді еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың білімін кеңейтіп, біліктілігін арттыруда мектеп кітапханасының орны орасан зор.

Кітапхана - мектептің жүрегі , оның ажырамас бір бөлігі іспетті.

Жаңа заман – компьютер заманы болғанымен , рухани байлық іздеген , көзі ашық , көкірегі ояу әр баланың бір қасиетті қара шаңырағы – кітапхана болса керек. Мектеп кітапханасы педагогтарға қызмет көрсете отырып, сыныптарға арналған және сыныптан тыс көмек көрсететін көпшілік орны болып табылады.Міне сондықтан кітапхана алдында тұрған міндеті өте жауапты , әр кітапханашы осы жауапкершілікті орындауға аянбай еңбек етеді.

1.Кітапхананың жалпы қоры – 30766 дананы құрайды.

Көркем әдебиет - 13832

әдістеме құралдары - 11605

дидактикалық материалдар – 705

Оқулықтар - 4513

Дәстүрлі емес тасығыштар – 111

Кітапхананың кітап қоры кітапханалық библиографиялық жіктеу арқылы орналасқан.

2015 – 2016 оқу жылындағы

оқырмандар мониторингі

Жалпы кітапхана тіркелген оқырман саны - 430

Кітапханада оқушылар мен мұғалімдерге арналған тақырыптық каротекалар бар : Ана тілің – тірегің, «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі», «Кітапхана – бар білімнің қайнар көзі», «Алаш ардақтылары», «Ата – баба дәстүрі», «Тәуелсіздік - тынысым», «Ақпараттық технология», «Педагогикалық шеберлік», «Тәрбие басы – талбесік» ,« Туған жерім – тұнған шежіре», «Табиғат – ұлы ұстаз», «Шынықсаң шымыр боларсың», «Ата заң аясында» осы аталған картотекаларды баспасөз беттерінен толықтырып отырамын.

7 - 9сыныптар аралығында «Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі ...» деген тақырыпта дөңгелек стол өткізілді. Мақсаты : Оқушыларды мемлекеттік тіл туралы ақпарат көздерімен таныстыра отырып, тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Тіл туралы нақыл сөздер , кітап көрмесі «Сүйемін ана тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім» деп аталады.

 

17.09.2012 жылы «Жаңа оқулық заман жаңалығы» аттты оқушылар аралығында кітаптарға шолу жасалынды. Мұнда негізінде кітапханаға жаңа түскен кітаптардың қай салада , кімдерге арналғандығы туралы, сонымен қоса кітапты ұқыпты пайдаланып, кітапхана жанашыры болу керектігі жайлы айтылды.

 

08.10.2012 жылы мектепалды тобының оқушыларын кітапханаға саяхатқа әкелді. Кішкентай оқырмандарға арнап «Ертегілер елінде» деген айдармен кітап бұрышын ұйымдастырып, балаларға арналған кітаптарға қысқаша шолу жасап, кітапхананың жалпы ережелерімен таныстырдым. Кітап туалы әр түрлі сұрақтар қойып,оған балалар жауап берді. Балалар өздеріне арналған ертегілерді қызығушылықпен тыңдады . Балаларға мәдени ошақтарда өздерін қалай ұстау керектігін,кітапты таза және ұқыпты пайдалану керектігін түсіндірдім.

3.11.2012 жылы «Білім кілті - кітапта» деген тақырыппен 4-5 сыныптар аралығында библиографиялық сабақ өткіздім. Мақсаты : Оқушылардың кітап оқуға құмарлығын , кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой-өрісінің дамуын, рухани байлығын арттыру. Сапалы білім саналы тәрбие алу үшін,көп оқып,көп іздену керектігін түсіну. Кітап туралы нақыл сөздер жазылды. «Кітап жан азығы», «Артық білім кітапта,ерінбей оқып көруге»т.б.

30.11.2012 жылы мектеп кітапханасында 8-сыныптар аралығында Тұңғыш Елбасы күніне арналған «Елбасы-ел тірегі» деген тақырыппен дөңгелек стол болып өтті. Оқушылар Елбасының өмірі мен еңбек жолын , тәуелсіз мемлекетіміздің жетістіктері мен болашағы туралы айтты. Кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарға шолу жасап, «Сен білесің бе?» деген айдармен викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Оқушылар өз білімдерін көрсете білді, бұлда б

із үшін мақтаныш. Сонымен қатар әр сынып оқушылары өздерінің шығармалары мен президентке жазған тілектерін кітапханаға тапсырды.Мен оқушылардың жазған еңбектерін жинап,оны қапшыққа салып , оқушы еңбегін бағалайтындығымызды айттым. Бұлай істеуімнің басты себебі оқушылардың кітапханаға деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына бейімдеу. Еліміздің болашағы үшін барлық күш-жігерімізді оқуға , заман талабына сай терең білім алуға жұмсау. Кітапхананың алдында тұрған басты мақсат міне осындай.

«Халықаралық кітап күні» кітапханада кітап бұрышы ұйымдастырылып, балалар жазушысы Ж.Смақов туралытуралы мағлұмат беріп, балалар Жақан ағаларының өлеңдерін оқыды. Сонымен бірге қалалық байқауда төменгі сыныптар аралығында

«Ең үздік оқырман» анықталып, оларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар тарту етілді. Олар 4 «а» Маратов А., 5 «А» Тлеутай Н.

«Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ...»

№ 5 орта мектепте 6-7-сыныптар арасында: «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ..» ( Қ Аманжолов туралы) тақырыпта қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Иманғалиева Ж.М. мен кітапханамен бірлесіп ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының басты мақсаты : Қазақтың біртуар перзенті Қасымның өмір жолын, шығармашылығын таныстыра отырып, жас ұрпақ бойына ізгі қасиеттерді дарыту, өлеңдерінің мағынасын түсіну.

Отанын, туған жерін сүю, ақын өлеңдерін паш ету.

Көрнекілігі: Суреттер, шығармалары, ақын туралы слайд. Интерактивті тақта. Музыкалық аспап.Кітап көрмесі.

Жалпы тәрбие сағатының басты міндеті оқушыларды киелі Қарқаралы топырағынан жаралған Қасымдай ғажайып дарынның жүрегі-от,тілі-шоқ екендігін айғақтайтын материалдарды жинап,оны көпшілікке паш еткізу дейді,- Жаңыл Мұратқызы.Өте тамаша дайындықпен келген оқушылар өздерінің ұшқыр ойларын жеткізе білді.Атап айтатын болсақ : Қосыбаева Ж. , Тауекелов Е., Серікбаева Т. т.б.оқушыларымыз ойға түйгендерін ашық жеткізді. Қасым аталарының әндерін де нақышына келтіре шырқады.Сонымен қатар кітапханада «Қасымды тану-қазақты тану» деген тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарға шолу жасалынды.

Қасым шығармалары бүгінгі өскелең ұрпақ тәрбиесінің басты құралы деп айтуға болады.

«Ару – Балқашқа -75 жыл» атты викториналық сұрақтарды 5-6 сыныптар аралығында өткіздім. Қаламыздың тарихын жақсы білетін оқушылар өте көп екендігі байқалды. Бұлда оқушылардың ізденулерінің жемісі деп айтуға болады. Сонымен бірге кітапханада «Мыс бұлағын ағызған өңір» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өз өлкелері туралы деректерді осы көрмеден алуға мүмкіндіктері толық жасалынды. Қалалық байқауда Тойшыбаева С. 3-ші орын иеленді.

№ 5 орта мектеп кітапханасында 4 мамыр күні «Ерлік жыры-елдіктің ескерткіші» деген тақырыпта 4 «А» сынып оқушылары арасында 3 -беттен тұратын ауызша журнал өткізілді.

1-бет : «Қазақтандық батырлар ерлігі»

2-бет : «Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз...» (ақындар өлеңдерін оқу)

3- бет : Викториналық сұрақтар

1-бет бойынша Қазақстанның батыр жауынгерлері ,оның ішінде біздің балқаштық майдангерлер туралы кітапхана меңгерушісі кеңінен мағлұмат берді. Осы орайда соғыстағы майдангерлердің ерлігі жөнінде слайд көрсетіліп, балқаштық майдангерлер туралы бүктеме, нақыл сөдер, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ұлы жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн 700 мың адам қатысса , олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, хабар-ошарсыз кетті.

Теңдесі жоқ ерлігі үшін 500 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды.Олар екі рет батыр атағын алған Т.Бигелдинов, Н.Әбдіров, Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк апаларымыз және Қ.Қайсенов, аты аңызға айналған Б.Момышұлы (1999ж.11.12.) сынды ержүрек батыр ағаларымыз бар. Осының 5-уі біздің балқаштықтар екен.

2- бет бойынша : А. Жұмағалиев, Қ.Аманжолов «Қоштасу», Қ.Бекқожин «Батыр досыма»,Д.Әбілов «Жеңіс»деген өлеңдерін мына оқушылар : Сағыныш Г., Нұрғалиева А., Айтжанов Е.,Жақсылықова А. мәнерлеп оқыды. Оқушыларды мәдени іс-шараларға белсене қатысуына сынып жетекшісі , жас маман Ахметова Ә.С.-ның қосқан үлесі орасан зор екендігін атап айтқан жөн.

3-бет бойынша викториналық сұрақтарға өте жақсы жауап беріп, соғыс туралы оқыған ,естіген ойларын ортаға салып, әсіресе оқушылар арасында Г.Ахметова,Ж.Советова,А.Маратов белсенділік танытты.

Кітапханада ұйымдастырылған «Ерлік жыры ұрпаққа үлгі,өнеге» деген кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Отанымыздың болашағы білімді жастар, білімді жастарымыз көп болсын, ерлік жыры мәңгі жаасасын !