«Тіл фестивалі»

«Тіл фестивалі» аясында өткен акпарат

16 қыркүйекте 6 а сыныбында «Уа,дариға , алтын бесік туған жер»атты Қ Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуына орай, 5 А сыныбында «Туған тілім-тірегім», 7 А сыныбында «Тіл Заңы» атты тәрбие сағаттары жоғары дәрежеде өтті.

№ 5 орта мектебінің «Тіл фестивалі» аясында өткен
іс- шаралары туралы ақпарат.
ҚР –ның «Тіл туралы» Заңын іске асыру мақсатында 1-29 қыркүйек аралығы Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі болып жарияланды. Осыған орай №5 орта мектебінде 5 қыркүйекте «Тарихымның шежірелі дастаны, Тілім менің, тірлігімнің бастауы» атты линейка өтті. Онда іс-шаралардың жоспарымен таныстырылып,үш тілде 6б.а сынып оқушылары өлеңдер оқыды.
14 қыркүйекте 2 А сыныбында тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ( мұғалімі Асылбекова А.Т.)қазақ тілі пәнінен «Отан- ана» тақырыбында ашық сабақ, 4 Б сыныбында ( мұғалімі Николаева С.В) орыс тілінен ашық сабақтар өткізді. 17 күні 2- 4 сыныптар арасында Юсупова Г,С. мен Нұржанова Қ.С. «Сөз мерген» танымдық ойынын өткізсе, 5-9 сыныптарда Ибраева Г.Қ, Жакупбекова С. А, Цыбина Е.А. Горбулева Л.В «Алтын қақпа», «Тіл өнер» ойындарын өткізді.
 
21 қыркүйекте Қасым Аманжоловтың ақындық мектебі атты әдеби танымдық конференция кітапхана меңгерушісі Махашова К.Ш ұйымдастыруымен 6-8 сыныптар арасында өтті. Бұл конференцияда үздік деп танылған 7 а сынып оқушысы Қартабай Н (жет Ибраева Г.Қ) «Қасымның майдан жырлары» тақырыбында қалалық оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
26 қыркүйекте қалалық өзге ұлт өкілдерінің ұстаздары арасында дәстүрлі «Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс өтті. Сайыстың өтуіне мектеп әкімшілігі,ұстаздары бір кісідей ат салысты. Сайыс жоғары дәрежеде өтті.
28 қыркүйек күні ағылшын пәнінің мұғалімі Ж.С.Ботбаеваның ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты интеллектуалды-танымдық ойын үш тілде өткізілді. Оқушылар мақал – мәтелдерді үш тілде айтып, жұмбақтың шешуін ағылшын, орыс тілдеріне аударды. Сайыс барысында 6 б сыныбы тобы жеңіске жетті. Айлықтың соңында мектепішілік «Бәйтерек» газеті шығарылып, оған мектеп оқушыларының шығарма, өлеңдері, сөзжұмбақтары жарық көрді. Аптаның соңындағы линейкада айлыққа белсене қатысқан оқушылар марапатқа ие болады.Газеттің редакторы : Қабжанов Марғұлан барлық материалдар мектеп сайтына жіберілді.