Размер шрифта:

Жаңа жыл

Жаңа жыл 1-4 сынып Авторы Джумартова Ж.М. Балқаш қаласы

Балқаш қаласы

№5 орта мектеп

1-4 сыныптар арасындағы ертеңгілік 

 

Өлең жолдарының авторы: Джумартова Жадыра Мұратқызы 

 

 

 Мақсаты:

-Жаңа жылдық қойылым арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын, қиялын арттыру, өнерлерін көрсете білуге тәрбиелеу;

-Ата-ана , оқушы, мектеп арасындағы тәрбиелік қарым-қатынасты

арттыру;

-Оқушыларға, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

 

1-ж:

Армысыздар,бармысыздар халайық!

Жырдан,әннен сөз маржанын шашайық!

Жаңа жылда жаңа думан, жаңа жыр

Әкеледі әрбір үйге ағайын!

2-ж:

Армысыздар,бармысыздар,Достарым!

Күлімдейді балбыраған жүздерің!

Шақырады баршаңызды қуанып,

Жарқыраған жасыл шырша оттары!

 

(ШУЫЛДАП,МУЗЫКАМЕН ОРТАҒА ҚОЯН МЕН ТҮЛКІ ШЫҒАДЫ)

Қоян:

Алақай,алақай!

Аппақ қар даламда.

Бүгін бір асыр сап,

Думанды бастасақ!

--Қалай қарайсыздар, достарым?

 

Түлкі:

Уа, қоян,   достым?

Асықпа, аптықпа.

Алдымен құрметпен

Ескі жыл  достымды

Шығарып салайық

Сапарға  ол кетпек.

 

Қоян:

Неге  мен ұмытам,

Ескі жыл -  құт-берекем!

Қанеки ортаға

Шақырайық ізетпен!

 

Ескі жылды шақыру

Ескі жыл:

Рахмет, менің достарым!

1-жыл бойы өздерің

Бойға ақыл жиыпсың.

Күлімдеген көздері

Еңбекқор нағыз өздері.

Жақсы оқып сабақты

Мені ылғи қуантты.

Ата-анаға мың алғыс

Балаға болған қолғабыс!

Кетіп барам алыс сапарға,

Қайтарымды білемін

Сен мүшелге толғанда!

Жаңа жылда тілеймін

Өздеріңе мол табыс!

Ата-анаңның тірегі,

Қуанышы, арманы

Боларсыңдар қорғаны!

Қош бол, менің достарым!

 

Кетеді.

Айғайлап ортаға мыстан шығады.

 

Мыстан кемпір:

Ха-ха, ха-ха!

Немене, көздеріңе жас аласыңдар?

Ескі жыл, ескі жыл деп...

 

Ескі жылда екі алып,

Жылағанын ұмытты.

Ұйықтап қалып сабақтан

Өтірікті  кім сықпыртты?

 

Сендер маған доссыңдар,

Қара орманға өзіммен

Алып бүгін кетемін.

Самғап биік ұшамын ,

Жамандық жасап жақсыға

Өздеріңмен  дос болам!

Ха-ха, ха-ха!

 

Балаларға тап-тап беріп қорқытады.

 

Қоян:

Мен қорқамын достарым,

Мыстан келсе ортаға

Болмақ қандай мереке?

 

Түлкі:

Тыңдаңыздар, барша жан!

Жиналыңдар ортаға

Қол ұстасып бірлесіп

Мерекелік думанды

Ән- шашумен бастайық!

 

Хоровод

 «Жаңа жыл» әні-Шұғыла

Ортаға жаңа жылды шақыру

 

1-ж:

Жаңа жылды ортаға шақырайықшы,  балалар!

2-ж:

Жаңа жыл келеді!

Жаңа жыр келеді!

Қанеки, балалар,

3 рет дауыстап,

Қол соғып, шаттанып

Жаңа туған, ақ тілек-

Жаңа 2010 жылды ортаға шақырайық.!

 

Жаңа жыл:

Сәлем бердім иіліп баршаңызға!

Бақыт, шаттық кетпесін ортамыздан.

Ортаймасын әрқашан мерекеңіз!

Молайып бақ, дәулет пен  жетістігің

Арта берсін қуаныш пен  берекеңіз!

 

Балалар - ата-ананың ақ  арманы

Әрқашан гүлге толсын пәк құшағы.

Орындалсын періштенің ақ тілегі

Қыдыр атам қолдасын бізді үнемі!

 

Мыстан:

Хо-хо, эхе-хе!

Қыдыр бабам, Қыдыр бабам!

Мен де сендерге ақ тілек айта аламын:

-Ата-ананың тілін алсаң, қорқақсыңдар.

-Мұғалімнің тілін алсаң, нағыз ақымақсыңдар.

 

-Бес деген не ол?

 Бес алуға   асықпа,

-Екі деген нағыз жақсы баға.

 Солай емес пе балақан?

 

 -Кім менімен дос болады?

 

Қоян:

Балалар,  мыстанды тыңдамаңдар!

Қанеки, бәріміз Жаңа жылға арнап бір би билейік!

 

Джинглбэнс

 

1-ж:

Құрметті, жас достар, Жаңа жылды өз ортамызға алып, Ақшақарды шақырайықшы...

 

Мыстан:

Жоқ!

Керегі жоқ ол қыздың!

Мен  сияқты сұлуды

Ортаға алып билеңдер.

Сыйлық деген нәрсені

Маған ғана сыйлаңдар!

 

2-ж:

Балалар, мыстанды тыңдамаңдар.

Қанеки, бар дауыспен 3-рет

Ақша қарды шақырайықшы!

 

Хормен:

Алақай,алақай

Ақша қар келе қал!

 

Ақша қар қарша қыздармен ортаға шығады.

Мыстан алдынан шығып жолын кеспекші болады.

 

Ақша қардың сиқырлы пердесі болады, соны сермегенде, мыстан ортадан шығып кетеді.

 

 

Ақша қар:

Аппақ бүгін қалада.

Аппақ бүгін далада.

Аппақ болып жүрегі

Балалар тұр ортада.

 

Бал-бұл жанып жүздері

Бір ғана бар тілегі

Аяз ата, ақша қар

Сыйлық берсе екен деп.

 

Аяз ата жолда әлі

Ауыр алған жүгі де

Ақ таяғын арқалап

Мерекеге жол салған.

 

Армысыздар, қонақтар!

Бармысыздар, жас достар!

Құтты болсын, Жаңа жыл!

Құтты болсын, Жаңа жыр!

 

Хормен:

Қош келдің, Ақша қар!

 

Ақша қар:

Аяз ата келгенше өнерлеріңді  көрейік.

 

«Ақша қарлар» биі.

 

1-ж:

Ақша қар, біздің шыршамыздың оттары әлі жанған жоқ,

Мыстан келіп, шамын сөндіріп кетті.

Не істейміз?

 

Ақша қар:

Қанеки,балалар, шыршаға қарайық

3  рет дауыстап  шыршаны жағайық!

 

Хормен:

Алақай, Алақай!

Жасыл шыршам жарқыра!

 

Шырша жанбайды. Ақша қар ақ пердесін сермесе де жанбайды.

 

Ақша қар:

Балалар, Мыстанның сиқыры мықты болды.

Аяз атаны шақырайықшы

 

Хормен:

Аяз ата-3 рет

 

Келмейді.

 

Қоян:

Балалар, Аяз ата келгенше бір әнді бастайықшы

 

«Аяз ата» әні

 

Ақша қар:

Енді жақын қалған шығар. Аяз атаны шақырайықшы.

 

Хормен:

Аяз ата- 3 рет

 

Аяз ата келеді.:

Амансыңдар ма, менің  кішкентай бүлдіршіндерім!

Арқаланып сонау алыстан келіп қалдым.

Алыс-алыс қырлардан

Алыс- алыс жерлерден

Жаңа жылда мен келдім.

 

-Өнерлі ме, балалар?

 

ИӘ-хормен

 

-Биші қыздар бар ма екен?

 

ИӘ-хормен.

 

-Бестік баға көп пе екен?

 

ИӘ-хормен

 

-Тәртіп деген дұрыс па?

 

ИӘ-хормен

 

Мыстан:

 

Жоқ.!Жоқ!

Бәрі менің достарым.

Айтатыны өтірік

Сөмке толы екілік.

Қылатыны жамандық.

Аяз ата кете бер,

Саған мұнда орын жоқ!

 

Аяз ата:

Әй, мыстан

Жөніңе бар.

Біздің балалар ондай істі сүймейді.

Ата-ананы сыйлайды.

Қарап тұрсам сен бүгін

Қылыпсың көп зұлымдық.

Шырша отын сөндіріп,

Айтып тұрсың өтірік.

 

Қане, мұзға айналмай тұрып, жөнге кел тезірек!

 

Аяз ата  :

Алақай, алақай

Жасыл шырша жарқыра!

 

Шырша жанады.

 

1-ж: Балалар, аяз атаға арнап бір би билейік. Вуги-вуги

 

1-ж: Балалар, аяз ата дем алсын. Біз бір ойын ойнайық.

Ойын

 

2-ж:

Аяз ата, балалардың сізге арнаған ән-шашуы бар.

 

Аяз ата:Рахмет, шырақтарым!

 

Концерттік номерлер. (5-НОМЕР)

 

 

2-ж: Біздің ата-аналар да шетінен өнерлі.

Ата – аналармен  ойын өткізіледі.

 

Түлкі:

Аяз  ата , біздің ақша қардың ақ пердесін мыстан ұрлапты.

Не істейміз? Өзі қашып кетіпті.

 

Аяз ата:

Ол үшін ата-аналар да ортаға шығып, бір өнер көрсетулері  керек.

Сол кезде қауым жұрттан ұялып, өзі әкеліп берер.

 

 

БИ-дискотека . Мыстан ақша қардың пердесін лақтырып кетеді. Қоян көтеріп қарша қызға береді.

1-ж: Балалар, барлығымыз бірігіп аяз атаға арнап бір ән сыйлайық.

 

Хоровод

Аяз ата:

Тығыз менің уақытым,

Асығыспын, достарым.

Шақырады алысқа

Ақша қар мен атаңды.

Құтты болсын Жаңа жыл!

Жаңа бақыт , Жаңа жыр!

 

2-ж.

Балалар, 3-рет:

 

Қош бол, аяз ата!

Қош бол, ақша қар!

 

Түлкі:

Жырға толы мерекем.

Әнге толы жүрегім.

Қоян досым, қанеки,

Балалармен ойнайық!

 

Қоян:

Музыкамен билеп жарысамыз.

 

Ойын.

 

1-ж:

Қуаныш, бүгін мереке

Тойланып жатыр ортада

Әдемі, әсем киінген

Балалар, Гүлдей жайнайды!

 

2-ж:

Қол ұстасып бәріміз

Шырша айналып ән салсақ

Мерекенің думаны

Арта бермек асқақтап!

 

Соңғы хоровод.

-Қош болыңыздар,қонақтар

-Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін!