Жауапкершілік пен жауапсыздық
ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН ЖАУАПСЫЗДЫҚ
Күні: 11.12.2013
Сынып:4 «А»
Өтетін орны: сын. № 22
Мұғалім: Асылбекова А.Т.
Уәде берсең – орында.
Мақал
Мақсаты:«Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту;
- балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету;
- өз сөзіне, ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Баспалдаққа көтеріліп бара жатқан баланың суреті салынған плакат және әрекетті білдіретін сөздер жазылған қатты қағаздар, Ақботаның қоржыны.
Балалар шеңберге тұрып, бір-бірімен сәлемдеседі. Мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды:
Атқарамыз әр істі,
Жақсыға біз лайық.
Жауаптылық сезініп,
Уәдеде тұрайық!
Өкініш
Атасының тапсырмасын орындап тастамақшы болып Қайырбек қораға қарай беттеді. Дарбазаның сыртынан біреудің ысқырғаны естілді.
- Қайырбек, жүр кеттік. «Бірлік» ауылының балалары келіпті. Осы жолы оларды нөлмен қатырмасақ па?
- Әттеген-ай-а!- деп Қайырбек басын шайқады. – Атам фермадағы бір танысынан есектің қамытын алған екен. «Соны апарып тастарсың»? деп еді.
- Өй, бар болғаны сол ма? Жақып көңілдене күліп қойды.
- Кешке дейін әлі талай уақыт бар. Үлгересің... Көп қиқаңды қойып, бізбен жүр. Олардан өткен жолғы қарымтаны қайтармасақ болмайды. Кездесе кетсе, мазақ қылады.
Қайырбек желкесін қасып сәл тұрды да:
- Мейлі ендеше, - деп, балалармен бірге футбол ойнайтын алаңға тартты. Жолшыбай атасы кездесті.
- Қайырбек шырағым, қамытты апарып бердің бе?
Қайырбек не дерін білмей абдырап:
- Иә, ата, апарып тастадым, - деді.
- Әп, бәрекелді. Өркенің өссін, қарағым!- Атасы риза кейіппен Қайырбекке көзін сығырайта қарап, күміс сақалын уыстай сипап қойды.
Үй іші кешкі асқа отырды. Ас үйде әжесімен амандасқан біреу дабырлап кіріп келді.
- Кеш жарық!
- Оу, Келденбісің. Жоғары шық!?деп атасы көңілдене дауыстап, кешкі қонақты төрге шақырды. – Шығамыз ғой. Айтпақшы, құрдас, қартайғанда өтірік айтатын болғанбы- сың. Бүгін аласың деген қамыт қайда? Үйдегілер «қамыт әкелген пендені көрмедік» деп ант-су ішеді.
- Апармағаны қалай? Қайырбек шырағым... – Атасы түсін суытып, немересіне қарады. Қайырбек ұяттан кірерге тесік таппай, көзімен жер шұқыған қалпы үнсіз отырып қалды.
• Балалар, Қайырбекті ұятқа қалдырған қай әрекет?
• Қайырбектің атасы не үшін ұялды?
• Қайырбектің орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Дәйексөз
Мұғалім тақтаға «Уәде берсең - орында» деп жазып қояды және осы мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
- Әңгімеде айтылғандай, адам өзіне тапсырылған істі жауапкершілікпен орындамаса, өзін ғана емес, өзгені де ұятқа қалдырады екен.
- Сендер «Уәде берсең - орында» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
- Сендердің уәде беріп, орындай алмай қалған кездерің болды ма? Болса естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Балалардың жауаптары тыңдалып, өздері қорытындылауға мүмкіндік беріледі:
- Берген уәдені уақытында орындау үлкен жауапкершілікті білдіреді. Ата-бабамыз балаларының жауапкершілікті болып өсуін армандаған, сол үшін де «Уәдені – берсең орында» мақалы ұрпақтан ұрпаққа бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.
Балалар дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазады.
Ойын-жаттығу
«Мен жауапкершілікті баламын, өйткені...» деп аталатын ойын-жатты-ғуда балалар өз білім-біліктерін қолданып, ой қорытындысын жасауға мүмкіндік алады.
Плакатта баспалдақтармен көтерілгелі тұрған баланың суреті берілген. Мұғалім жеке-жеке іс-әрекеттерді білдіретін сөздер жазылған қатты қағаздарды(үлкен әріптермен) Ақботаның қоржынына салады. Балалар кезегімен тақтаға шығып, қоржыннан қағазды алып, онда жазылған іс-әрекеттерді оқиды, бала осы іс-әрекетті жауапкершілікті болуға қатысты деп тапса, оған «Мен жауапкершілікті баламын, өйткені...» деген сөзді қосып айтады. Мысалы:«Мен жауапкершілікті баламын, өйткені уәдемде тұрамын». Мұғалім осы қағазды суреттегі баспалдаққа жапсырады. Егер қоржыннан шыққан қағазда жазылған іс-әрекет жауапсыздықты білдірсе, онда бала оны не үшін жауапсыздыққа жатқызатынын түсіндіріп айтып береді.
Қағазға жазуға ұсынылатын іс-әрекет үлгілері: уәдемде тұрамын; өзіме сенімді боламын; өзімді басқара білемін; жұмысты қызығып атқарамын; сабақтан кешікпеймін; аулада ұзақ ойнаймын; үлкендердің тапсырмасын ұмытып кетемін; айтқан сөзімді орындаймын және т.б. Мұғалім іс-әрекеттердің санын өз қалауына қарай көбейтуі мүмкін. Жаттығу соңында балалар мұғаліммен бірге суреттегі баспалдаққа жапсырылған қағаздағы іс-әрекеттерді бірге оқып шығады.
Қорытындылау
Қорытындылау кезінде мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгендіктерін өздеріне қорытынды жасату арқылы тексере алады.
Шығармашылық жұмыс
Мұғалім дәптерде берілген екі тапсырманы түсіндіреді:
Дәптердегі суреттерге қарап, олардың мазмұны бойынша жауапкершілік, жауапсыздық сөздерін қатыстырып әңгіме құрандар.
1-суретте: Екі бала әкесімен бірге екі ағаш көшетін отырғызды. Әкесі балаларына ағаштың күтімі туралы кеңес беріп тұр.
2-суретте: Бірінші бала ағашқа су құйып жатыр. Оның ағашы тіп-тік болып, жапырағы жайқалып өсіп тұр.
3-суретте: Екінші баланың ағашы қурап тұр. Ал баланың өзі алаңсыз доппен ойнап жүр.
• «Мен – жауапкершілікті баламын, өйткені...» айдарымен берілген бос жолдарға жауапкершілікті білдіретін іс-әрекеттерді естеріңе түсіріп жазыңдар.
Мысалы:Мен – жауапкершілікті баламын, өйткені тапсырманы орындай- мын.
Таудай болып өсеміз
А.Естенов
«Таудай бол!» - дер атам да, Желкілдеген баудай көк,
«Таудай бол!» - дер апам да. Балдырғандар балдай көп-
Асқар таудай жігіттер Өсіп келе жатырмыз
Қажет дейді Отанға. Бір-бір асқар таудай боп.
Жаттап ертек, мол аңыз,
Өсіп, өніп тола біз,
Алатаудай айбыңды
Ел қорғаны боламыз.