Наурыз той

Сыныптар: 1-11

Жауапты: Имангалиева Ж. М., Ибраева Г. К.

 

Сценарий «Наурыз той», тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлауға  арналған

1 Жүргізуші:Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін мектебімізде өтіп жатқан «Қош келдің, Наурыз» атты тойымызды ашамыз!!

                   Наурыз айының 22-інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір-бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.

         Енді, міне осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық! Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін!

 

2 жүргізуші :1. Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

                         Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

                         Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

                         Балғын шақты біз бақытты балалар!

 

1 жүргізуші. Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

     Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

     Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

     Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!. деп,

 Құттықтау сөзді мектебіміздің директоры, ардақты ұстаз Дина Тұрсынқызына береміз.

Бастауыш сынып биі «Ақ шашу»

«Наурыз-2011» - жаңа жыл (қоян жылы келеді).

                          Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

Оқушылар:Қарсы алайық Наурыз қызды , қарсы алайық , деп шақырады.

 Наурыз-қыз:

«Наурыз» қызбын.

Нөкерлерім қасымда.

Ұлыс күнге,

Жеттім міне асыға.

Келген жылым,

Жақсылыққа басташы.

Қуанышпен әр үйдің,

Босағасын атташы.

Келген жылым,

Шуағыңмен, тасып от.

Адамдарды бір-біріне ғашық ет.

Келген жылым,

Болсын дәйім бақытты.

Тыңдаңыздар енді халқым,

Жыл иесі қоянды.

Қоян:Мен қоянмын  , жыл санауы  бола білдім.

                  Жалғаймын барыс  жылдың жора күнін.

                  Келдім мен ақ тілекті жалау етіп,

                   Бүгінгі мерекенің  қонағымын.

                  Мен , жақсы оқудың жалауымын,

Өнегелі тәртіптің алауымын,

 Мектептің  намысының бастауымын,

Мерекенің  алға сүйрер тарауымын.

 

2 жүргізуші :Наурыз келсе,

Құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.  

(Ән. «Наурыз». Әні: М. Ілиясовтікі). Жұлдыз орындайды.

 

1 жүргізуші :Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниетімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық.!

 

Бәрі:Қош келдіңіз, Қызыр ата! (Қызыр ата бата береді).

                    Ұрпақтардың бағы болсын,

Арайланған таңы болсын.

Ақ батамен қол жайғанның,

Тілегінің бәрі болсын! Әмин!

2 жүргізуші :Уа, халайық, құлақ сал!!!

                    Жақсылыққа қашанда,

                   Жан баласы тоймаған,

                   Жаңа жылдың басы деп,

                   Жылда бізбен тойлаған.

                   Шашу шашып көл-көсір,

                   Көжесі қазанда қайнаған.

1 жүргізуші :  Әнге ырғағы жарасқан,

                    Асқар таудың шыңдары.

                    Ақ жаулықты аналар!

2- жүргізуші :      Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз, әже!

Әже:Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.

Ұлыс бақты болсын!

Әр күндерің жақсы болсын!

Ақ мол болсын!

Бәле жала жерге енсін

 Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

1 жүргіз;     Шалқытып мерекеде ән салайық,

                     Би билеп, ән өнерге тамсанайық.

                     Аңызбен, салт –дәстүрмен , ертегімен

                     Құрметті қонақтарды қарсы алайық.

Қазақ халқының тарихы дәстүрге бай.Қыз беріп, қыз алу,құда түсіп, үкі тағу,әмеңгерлік т,б дәстүрлерге бай.. Салт-дәстүр «Қыз ұзату»7 А сыныбын тамашалайық.

2 жүргізуші  «Өз елім»әні  7А сынып

Қазақ халқының қалыптасқан салт дәстүрінің бірі- «Беташар» 6 А сыныбын қарсы алайық.

 1 жүргізуші   « Домбыра» әні Раушан

«Бесікке салу, Тұсау кесу» рәсімдерімен 5 А сыныбын тамашалайық

 

2 жүргізуші:     Жоғарыға шықсын қонақтар.

                   Келіп тұрған алыстан.

                   Құттықтайды сіздерді,

                   Наурызда бізбен қауышқан.

 Қазақтың ұлттық ойындары Асық, аударыспақ арқан тарту ойындары көрсетіледі. Бастауыш сыныптар.

1 жүргізуші       Ал, халайық тұрмайық.

                   Әндетейік шырқайық.

                   Ортамызды ашайық.

                   Думандатып би билеп,

                   Ән мен күйді төгілдіріп,

                   Інжу -маржан шашайық.

                   Жиналған жұрт таң қалсын,

                   Өнерден күмбез жасайық!

 «Шайхана» әні 5 сынып

 

2 жүргізуші;     Қыс өтіп, қар кетіп,

                   Шырайлы жаз жетіп,

                   Шаруаның кенелген,

                   Мейрамы ежелден.

                   Құтты болсын, Наурыз!

                   Жаңғырар дәстүр салтымның,

                   Кеңейсін  бұлақ жылғасы.

                   Қастерлі менің халқымның,

                   Мереке «Наурыз» жыл басы.

Домбырада күй орындаушы 7 а сынып  ұлдары.

 

«Қазақы дастарханым» әнімен 6 А сыныбы

 Қазақ халқы қонақжай өте дархан халық. Сіздерді дастарханнан дәм татуға шақырамыз.

Қобыз әні Жұлдыз

 Той құтты болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын! Хош сау болыңыздар!