Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 2021 жылындағы көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты туралы есебі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы №564 бұйрығына сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» қағидалары бойынша «Балқаш  қаласы жалпы білім беретін №5 мектебі» КММ-де 2021 жылы 230 мемлекеттік қызмет көрсетілді,оның ішінде электронды түрде 198,қағаз түрінде 32;

Балқаш қаласының «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ  мемлекеттік қызметтің келесі түрлерін көрсетеді:

1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (жауапты Койшина  Ш.Қ , хатшы);

2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау   (жауапты-Ибраева А.С,  директордың оқу ісі жөнінідегі орынбасары);

3. Бастауыш,негізгі орта,жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау (жауапты Койшина Ш.Қ - хатшы)

4.Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру (жауапты Койшина  Ш.Қ , хатшы);

5.Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну (жауапты әлеуметтік-педагог Касенова А.С)

6. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау (жауапты «Еркетай»- шағын орталығының әдіскері Ибраева Л.Т )

7.Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау (жауапты, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары  Ныгматуллина Ш.К )

Мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын сағат 9.00-ден 18.-30ге дейін түскі үзіліспен, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Халықты ақпараттандыру үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ережелері мен стандарттары бар.

Қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары:

 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

 3) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

 4) мемлекеттік қызметті уақтылы ұсыну;

 5) әдептілік және сыпайылық.

Мемлекеттік қызмет келесі түрлерде көрсетілді:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы  № 264 бұйрығына  1-қосымша"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметті көрсету стандарты бойынша,2021 жылы 71 мемлекеттік қызмет көрсетілді,оның ішінде электронды түрде 61, қағаз түрінде 10;

2)  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  24 маусымдағы  №264 бұйрығына  Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидасына 2 - қосымша "Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша, 2021 жылы 51 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды түрде 49; қағаз түрінде 3;

3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №179 бұйрығына 3 - қосымша. "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет стандарты бойынша, 2021 жылы  2  телнұсқа берілді,оның ішінде электронды түрде -0, қағаз түрінде 2;

4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына  10-қосымша  «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету стандарты бойынша2021 жылы 42 оқушы қамтамасыз етілді,оның ішінде -25, қағаз түрінде-17;

5)Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымындағы №254 бұйрығы «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша, 45 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде  электронды түрде-42,қағаз түрінде-0;

6)Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  27 мамырдағы  №223 бұйрығына. Осы бұйрыққа 3 - қосымшаға сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы бойынша,2021 жылы -4 мемлекеттік қызмет көрсетілді,оның ішінде электронды түрде-4,қағаз түрінде-0;

7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2020 жылғы  14 мамырдағы № 202 бұйрығына  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі  қосымша, мамандандырылған және арнай білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша,2021 жылы 14 мемлекеттік қызмет көрсетілді,оның ішінде электронды түрде-14,қағаз түрінде -0.

2021 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қызмет алушыларға 79 мемлекеттік қызмет көрсетілді.