05.01.2021 күні өткізілген отырыс ақпары

05.01.2021 күні  Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің   қатысуымен  2020-2021 оқу жылының  ІІІ тоқсанындағы  9,11 сынып  оқушыларының  сабақ  кестесі,қоңырау кестесі  және үзіліс  аралығындағы  орындалатын   санитарлық  талаптарды  бекіту туралы  отырыс  өткізілді.
Мектеп  басшысы  Абдуалиева Айна Тлеккабыловна 2020-2021 оқу  жылының ІІІ тоқсанындағы  9,11 сынып  оқушыларының  офлайн  жүйесінде  оқытылатындығы  туралы  хабардар  етті. Отырыста 2020-2021 оқу  жылының  І жарты  жылдығында  мектепте  1-5 сынып  оқушылары  офлайн  жүйесінде  білім алды  осы  уақыттарда  мектепте санитарлық   талаптар  дұрыс  жолға  қойылып ешқандай  ескерту  болмағандығы  туралы  хабардар  етті. ІІІ тоқсаннан  бастап  9,11 сынып оқушыларын  офлайн  жүйесінде  оқуға  рұқсат  берілгендігін айта  отырып  осыған  орай  9А,Ә,11 А сыныптары  5 топпен  яғни  әр  сыныпта  бала  саны  15 оқушыдан  бөліп  оқытылатынын  және   сыныптарға  сәйкестендіріп     сабақ кестесі,қоңырау  кестесі , санитарлық тазалық  уақыты  белгілендігі,жалпы  оқушыларға  барлық  жағдай  түрлері  жасалынатындығын түсіндірді.
Қамқоршылық кеңесі төрағасы Кайпбергенов Бақытбек Кымыранұлы сөз алып  мектептегі  жасалынып  жатқан  жұмыстар туралы айта  отырып, ІІІ тоқсанда  9,11 сынып  оқушыларының офлайн  жүйесінде  оқуға   барлық  мүмкіншіліктер  жасалғанын баяндады. Отырыс  соңында сабақ  кестесі, қоңырау  кестесі және  санитарлық  тазалық  уақытына  Қамқоршылық  кеңесі  мүшелерінің    бір  ауыздан келісетіндіктері  айтылды.