«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ–нің 1-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтуде. Мақсат:  Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Ақпанның 2 жұлдызында «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы болды.

Онкүндіктің жоспары таныстырылыпСара Алпысқызының өмірінен мәлімет берілді. Достық, махаббат, бақыт, туған жер қайырымдылық туралы өлең , мақал – мәтелдер, нақыл сөздер оқылды. 1- 11 сыныптар аралығында «Мейірімге толы жүрек»  атты саптық жиында «Намыс» үгіт – бригадасы  үгіт – насихат қойып адам бойындаңы жақсы қасиеттер туралы айтса, 8 «А» сынып оқушысы  Шаймағанбет Сұлтан Абай рөлін сомдаса, «немересі» ретін 5 А сынып оқушысы Бөгенбайұлы Алдияр оқушыларға Абай  атамыздың «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол » деген ұстанымды сахналау рөлінде толық та, әрі түсінікті жеткізіп берді. Көзге түскен оқушылар : 8 «А» сынып оқушылары  Амелешева Аружан, Русланқызы Баян, Төлеуғазыұлы Арұлан, Төлеуханова Аружан , Қуанышұлы Берікбол, Шаймағанбет Сұлтан, Жақсыбекова Әйгерім , Иекенова Жамиля, 6  «А» сынып оқушылары Кеңесбай Ақбота.Өткізген мұғалідер мектеп әкімшілігі және   Қунарбекова Қ.М.

Сонымен қатар рәміздер залында «Өзін-өзі тану:Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты  ақпараттық стенд ашылды.

Мектебіміздің кітапханашысы Махашова К.Ш. Рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

4-11.02.2016 күні аралығында  Рәміздер залында «Жақсы сөз –жанға сая» акция  ашылды. Ацияның мақсатты оқушыларды   жақсы сөйлеуге үйрету. Бейпілауыздықтан арылу, жақсы сөздер қоржынын жасау.

Оқушылар белсене ат салысты. Оның ішінде  3«А» сыныбы, 5 «Ә» сыныбы,

 6 «Ә» сынып оқушылар белсене қатысуда.

Ақпанның  бесінші жұлдызынды «Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің аясында  5-7-сыныптар арасында «Алтын жүрек анамыз » атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Мақсаты:

Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып, Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.

 Барлығы 10 оқушы қатысты, көрермен 5- 9 –сынып оқушылары  болды.  Бірінші бөлімінде  Сара Алпысқызыныңөмірбаяны мен еңбектері туралы мәліметтермен ақпараттандырды, сұрақтарға жауап алды.Оқушылар да С.Алпысқызы туралы және «Бөбек»қоры туралы білімдерін ортаға салды.

Екінші бөлімде оқушылар Сара  Алпысқызының мерейтойына арналған «Алтын жүрек анамыз» атты тақырыпта қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Сайыс нәтижесі  бойынша:

І орын - 8 «А» Русланқызы Баян

ІІ орын -9 «А» Ерболқызы Жұлдыз

ІІІ орын-  6«А»  Аханова Меруерт және Ермекқызы Қымбат  бөліске салды.Қалған қатысушыларға «Алғыс хатпен» марапатталды.

«Жүректен жүрекке» атты 1,2,9 сынып арасындағы  мүгедек, аз қамтамасыз етілген отбасы оқушылардың    арасында   әлеуметтік педагог Төлеген  Ж. М. ұйымдастыруымен өткізілді. Қорытындылай келе жағдайы төмен оқушыларға мектеп тарапынан материалдық көмек берілді. 9- 11 сынып арасында «Патриоттық пен  рухани – адамгершілік және қайыррымдылық » деген атты Дебат өткізілді. Өтілу барысында оқушыларға бейнеролик көрсетілді. Әр оқушы өзінің ойын айтып кетті. Рухани дамыған , бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін оқу – тәрбие процесінде адамгершілік танымдық, ұлттық әлемдік салауатты өмір салтын , дүнеиетанымдық бағыттағы мәдениеттерді дамытуымыз керек айтып кетті.

12.02.2019. күні барлық сыныптарда «Кәусар бұлақ тұнығынан», «Өнеге отбасынан»  , «Қызыққа толы бұл әлем»  сынды тақырптарды бірінші сабақ  болып өтті.

Мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы , «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті , «Өзін- өзі тану пәнінің» авторы С. А. Назарбаева  туралы  мәліметтермен  танысу, аналарды құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету,

Оқушылардың  «мейірімділік»,  ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру,«қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Сынып сағатында  Қазақстанның бірінші ханымы , «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті , «Өзін- өзі тану пәнінің» авторы   С.А. Назарбаеваның өмірі мен еңбек жолы, қоғамдағы орны , отбасы мен еңбектері мен  марапаттары   туралы  мағлұматтар айтылып, бейнероликтер көрсетілді.

Сара Алпысқызы Назарбаеваның жетім, көп балалы отбасына,  және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау саласында талмай еңбек еткені  туралы айтылды.

Сынып оқушылары  «Саналы азамат», «Мейірімді жүрек», «Аялы алақан» топтарына бөлініп, аналарға арнап  сыйлық жасады. Топтық жұмыста оқушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды тиянақты орындады.

Сынып сағаттарының соңы , Ана өміріміздің жарығы, шаңырағымыздың тірегі.  Оның аяулы алақанының арқасында өніп-өсеміз.Ана бақыт, ана өмір.«Анасы бар адамдар, Ешқашан қартаймайды»,  деп қорытынды жасалып,  сабақтан алған әсерлерін жүрекжарды тілектерін жазып,   «Тілек ағашына» ілді.