2018 жылы 17.10.-27.10. аралығында Бастауыш сыныптардың онкүндігі өтті.

 Апталықтың тақырыбы:«Білім басы бастауышта қаланар, Білімнен әлемге жол салынар».  Мақсаты: «Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту».

Оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті де бастауыш сынып мұғалімдері апталық жоспарын құра отыра, алдына келесі міндеттер қойды:

 - оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру;

 - сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту.

Өткізу принциптері: әрбір бала апталықтың барлық шараларына белсене қатысушы болып табылуы керек.

 Онкүндік аясында ашық сабақтар, интеллектуалды ойындар, көрмелер, қойылымдар жоспар бойынша өткізілді.

Сәрсенбі: «Білім еліне саяхат» күні деп аталып, онкүндіктің ашылу салтанаты болды. Жиында онкүндік жоспарымен  таныстырылды. 4 «А» сынып оқушыларының  орындауында «Мектеп» әні орындалды.

   Бейсенбі: «Математика күні» деп жоспарланды.Бұл күні  үзілісте қызықты математикалық тапсырмалар беріліп, геометриялық фигуралардан «Біздің аула» компазиясын құрап, логикалық сұрақтарға жауап берді.   2 «А»,3 «Ә», 3 «Б»,4 «А», 4 «Ә» сынып оқушылары белсене қатысты. 

  2 «Ә» сыныбында Рахыжанова А.Т. математика пәнінен «Қосудың ауыстырымдылық қасиеті» тақырыбында    ашық сабақ өткізді.

Ұсыныстар: Сабақта берілген тапсырмаларды баланың жас ерекшелігіне сай түрлендіріп отыру. Тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысып, әдістерді оқып-үйрену.                

Жұма:«Кітаптар әлемі» күні деп «Мәнерлеп оқудың жұлдыздары» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Мәнерлеп оқу сайысында  4 «А» сынып оқушысы  Мұратқызы Заринаүздік деп танылып, «Мәнерлеп оқудың жұлдызы»  дипломымен   марапатталды.                                                                                                                                                                                                                                                     

3 «Б» сыныбында Тулеуова Ляззат Науановна  «Зерде» интеллектуалды ойын  жүргізді.Интеллектуалды ойын күнделікті өмірмен байланысқа,сөз мәнеріне , сөйлеу дағдыларына тәрбиелік кезеңдеріне көп көңіл бөлінді. Өздік жұмыс, қабілетті оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді.Қабілеті төмен оқушылармен жұмыс жасауға көп көңіл бөле отырып,алған білімдерін тұрақтандыру үшін лайықты тапсырмаларды оңтайлы бере алады. Интеллектуалды ойын  өз мақсатына жетті.

Ұсыныстар: Әдістемелік бірлестікте іс-тәжірибесін жинақтап, тарату.          

 Дүйсенбі: «Қазақ тілі күні». Онкүндік барысында оқушылардың жазу каллиграфиясын бақылау және көркем жазуға бағыттау мақсатындасауатты сөздік диктанты және «көркем жазу» үлгілі дәптер көрмесі ұйымдастырыл ды.Әр сыныптан  ең көркем жазатын оқушылар бақтарын сынады.  Байқау нәтижесі бойынша 4 «А» сынып оқушылары Мұратқызы Зарина,Кентай Ақнұр,Жукенов Нұржан,4 «Ә» сынып оқушылары Ермекова Зарина, Төлеутай Ақерке, 4 «Б»сынып оқушыларыБатабай Ажар, Даривхан Жандос өте жақсы нәтиже көрсетіп, марапатқа ие болды. Байқау барысында оқушылардың тек қана көркем жазуы ғана емес, сондай-ақ сауаттылығы мен тазалығы, жолдарды пайдалана білуі ескерілді.

4«Ә» сыныбында Албергенова Т.Д. әдебиеттік оқу пәнінен «Алдаркөсе мен Шықбермес  Шығайбай» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ұсыныс: Бағалау парағын дұрыс қолдану. Уақытты ұтымды пайдалану.

4«Б» сыныбында Қайып А.Р. әдебиеттік оқу пәнінен «Тіл бөлімді қайталау» ашық сабақ өткізді.

Ұсыныс:мұғалім аз сөйлеп,тек бағыт беруші қызметін атқару.

3 «А» сыныбында Нұржанова Қ.С.  «Алтын ұрпақ» интеллектуалды ойын  жүргізді.

Ұсыныстар: Әдістемелік бірлестікте іс-тәжірибесін жинақтап, тарату.

Сейсенбі: «Дүниетану күні», «Алтын күз» сурет салу байқауы өтті. Байқауға қатысқан оқушылардың суреттері мазмұнды,әсем боялғандығымен    бағаланды. Оқушылар  талантты балалар суретін тамашалады. «Алтын күз» атты сурет  байқауының жеңімпаздарын анықталды. Олар: Багидолла Ақниет,Ермекова Зарина, Батабай Ажар.Сонымен қатар, «Құстарға қамқорлық қалай жасаймыз?» атты ұядан көрме ұйымдастырылды.

4 «Ә», 4 «А», 3 «Ә» сынып оқушылары жасаған ұялар ерекше көзге түсті.

Жаратылыстану пәнінен 2 «А» сыныбында Ғазиз Тоғжан «Жануарлардың алуан түрлілігі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ұсыныстар: Көшбасшы ретінде оқушыға бағыт-бағдарды тиімді беру керек. Оқушыны өз ойын ашық айтуға төселдіру. Интербелсенді әдістерді үнемі сабақ үрдісінде пайдалану.

Дүниетану пәнінен 3 «Ә» сыныбында Ерланова А.Е. «Біз әрқашан біргеміз» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ұсыныстар: Сабақта берілген тапсырмаларды баланың жас ерекшелігіне сай түрлендіріп отыру. Тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысып, әдістерді оқып-үйрену.                 

  1 «А» сыныбында  Асылбекова Айгүл Тлеукеновна «Ойна да,ойлан» атты сайыс өткізді.Сайыста жаңа ақпараттық технологияны қолдана отырып, оқушының қызуғушылығын арттыра білді.

Ұсыныстар: Әдістемелік бірлестікте іс-тәжірибесін жинақтап, тарату.

Сәрсенбі: «Флешмоб күні». Ғазиз Т. М, Сатбекова М. Мұйымдастыруымен «Әкем, анам және мен» тақырыбында отбасылық спорттық сайыс және флешмоб  өткізілді. Сайыс және флешмоб көңілді болды.  Сайысқа 4 «Ә», 4 «А», 3 «Ә», 3«Б» сыныптарының ата-аналары қатысып, І орынмен  Жақсылықовтар отбасы, ІІ орынмен Бағидолла отбасы, ІІІ орынмен Алимовтар отбасы, «Кішкентай қатысушы» номинациясымен 3 «Б» сынып оқушысы марапатталды.

Бейсенбі: «Шебер қолдар күні». Сынып оқушыларының арасынан өнерлі оқушылар өз қолдарынан жасаған бұйымдарын «Шебер қолдар» көрмесіне қойды.                                                                                                                                          1 «Ә»сыныбында  Бекбенбетова  Г.К  «Ертегілер елінде»атты  қойылым көрсетілді.«Ертегілер әлемінде» атты қойылым байқауында 3 «А» сынып оқушылары өздерін басқа қырынан көрсетіп, таң қалдырды. Оқушылар өздеріне берілген рөлдерді өте жақсы сомдап, актерлік шеберліктерімен көзге түсті.

Ұсыныстар: Әдістемелік бірлестікте іс-тәжірибесін жинақтап, тарату.

 

   4 «А» сыныбында Сопыханова  Г.Т. «Дарабоз» интеллектуалды ойын  жүргізді

Ұсыныстар: Әдістемелік бірлестікте іс-тәжірибесін жинақтап, тарату.

Жұма: «Апталықтың жабылуы күні».

Апталыққа белсене қатысқан  4 «А», 4 «Ә», 4 «Б», 3 «А», 3 «Ә», 2 «Б», 1 «А»,1 «Ә» ,1 «Б», сыныптары марапатталды.        

         Онкүндікті қорыту барысында бастауыш сынып мұғалімдеріне Сопыханова Г.Т  «Сабақтағы кері байланыс мұғалімдер үшін қандай мүмкіндік береді?» деген тақырыпта тренинг өткізді. Мұғалімдер кері байланыс біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесінде өзгерістер енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік екенін, кері байланыстың мәнін, оның түрлерін түсінді.Мұғалімдер өз ойлары мен пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.                                                                                        

    Бастауыш сыныптардың арасындаөткен онкүндіктесыныптан тыс шаралар, ашық сабақтар жаңа форматта ұйымдастырылды. Мұғалімдер ашық сабақтарында түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білді. Әсіресе сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттеріне сай әс-ірекет жасауға жағдай туғызды. Оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары топтық, жұптық жұмыс түрлерін тиімді пайдалана білді.