Қамқоршылық кеңес жиналысы хаттамасы №2

«Балқаш қаласы жалпы білім  беретін №5 орта мектебі» КММ

 Қамқоршылық кеңес  отырысы

 хаттамасы №2

Өткізілген  күні: 19.12.2018 ж

Қатысқандар: Мектеп  директоры,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,әлеуметтік педагог,қамқоршылық  кеңесі мүшелері,ата-аналар комитеті, мүшелері

 Күн тәртібінде:

1.Қамқоршылық кеңесі мүшелерімен І жарты жылдықта жүргізілген жұмыстары туралы
Мектеп директоры   А.Т.Абдуалиева

2.Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектеп маңында қардан мүсіндер жасау және мектеп маңындағы көп салалы хоккей кортына мұз айдынын  жасау
Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К.Шакижанова
3.Мектептегі “Жаңа жыл-2019” кешін ұйымдастыру.
Қамқоршылық кеңесі төрағасы Жайнабеков Б.И

1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойыншамектеп директоры  Абдуалиева Айна Тлеккабыловнаның Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің  2018-2019 оқу жылының І жарты  жылдығындағы атқарған  жұмыстары бойынша  есебі тыңдалды.«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ  бойынша жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіліді.

Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармай қалуының алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады.

Акция аясында рейдтік іс-шаралар өткізілді. Рейд барысында пәтерлерді, соның ішінде қолайсыз отбасылардың үйлерін, саяжайларды, базарларды, автожуғыштарды, ойын-сауық мекемелерін, компьютерлік салондарды аралау ұйымдастырылды.

Қамқорлық кеңесінің мүшелерінен  11 оқушыға 61000 теңге көлемінде  көмек көрсетілді. Сонымен қатар акцияға «Евразиский Банк» ұжымы, аяқ киім дүкені, мектеп ата –аналары мен оқушылары  атсалысты. Мектеп әкімшілігі атынан Қамқоршылық кеңесі мүшелеріне  алғыс білдіремін.

Күн тәртібіндегі  екінші  мәселе бойынша   Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К.Шакижанова  оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектеп маңында қардан мүсіндер жасау және мектеп маңындағы көп салалы хоккей кортына мұз айдынын  жасау керектігі туралы айтып өтті.Соған  кеңес мүшелерінің  көмектесуін өтінді.

Күн тәртібіндегі   үшінші  мәселе бойынша   Қамқоршылық кеңесі төрағасы Жайнабеков Б.И мектептегі “Жаңа жыл-2019” кешінде  кеңес мүшелерінен кезекшілік құрылатындығы туралы  және  ертеңгіліктерге , 29 желтоқсан күнгі кешкі балға  барлық кеңес мүшелері келуін  тапсырды.

Шешім:
 1. Қамқоршылық кеңесі мүшелерімен І жарты жылдықта жүргізілген жұмыстары туралы мектеп директоры   А.Т.Абдуалиеваның есебі  қанағаттандырылсын.
 2 Мектеп оқушыларына  қыс мезгілінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мұз айдынын жасау жұмыстарын ұйымдастыру  кеңес мүшесі Б.К.Кайыпбергеновке тапсырылсын. 
 3.Мектептегі “Жаңа жыл-2019” кешін ұйымдастыруда  кезінде кеңес мүшелерінен кезекшілік  атқару жұмыстарын  өз міндетіме аламын.

 

Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы :                      Б.И.Жайнабеков  
Хатшы:                                                                     А.К.Шакижанова

 

 

          1.Жайнабеков Б.И
          2. Сейтжанов Қ.А
          3. Асылбеков Ж.Қ
          4. Адамбаев Д.Н
          5. ТлеубековБ.К
          6. Садыков Қ.А
          7. Кайпбергенов Б.К
          8. Касимова Г.Н
          9. Сабанбаева Н.К