«Отбасы - өмір аясы!»

«Отбасы - өмір аясы!»

сурет байқауы

  №5 орта мектебінде 5 «Ә» сынып оқушылар арасында «Отбасы- өмір аясы!»атты сурет байқауы өткізілді. Мақсаты : Биылғы оқу жылында ашылған түзету-дамыта оқыту сыныбында оқитын оқушылардың  ынтасын арттыра отырып, сапалы білім,саналы тәрбие алуын қалыптастыру. Осы мақсатта қамқоршы ана Тоқболатова Төлеу Мукановна қонаққа шақырылды. Шақырылған қамқоршы ана қонағымыз Тоқболатова Төлеу Мукановна осы байқаудың қонағы әрі, әділ қазы алқасының мүшесі болды. Оқушылардың байқауы екі кезеңге бөлінді.Бірінші кезең «Үй тапсырмасы» деп аталды.Яғни оқушылар отбасы тақырыбына сурет салып, сыныпта өз ойларын ортаға салып қорғайды.Екінші кезеңде «Отбасы – өмір аясы» атты тақырыпта топ болып қабырға газетін шығарды.Осы екі кезеңнің нәтижесін  бағалау арқылы оқушыларға мадақтау қағазы мен сыйлықтар тарту етілді.Қамқорлықтағы бала Тоқболатова Тұрым қабырға газетті шығарып қана қоймай, өз ойын  қамқоршы анасына деген балалық махаббатын, сүйіспеншілігін сурет арқылы жеткізді. Байқаудың соңында қамқоршы ана оқушыларға өсиетін нақыл сөзбен айтып, осы байқауды ұйымдастырған мектеп әкімшілігіне, әлеуметтік педагог Зиядина Айнур Сериковна және сынып жетекшісі Мушельбаева Данагул Газизовнаға ризашылығын білдірді. Оқушылар мен қатысушылар қамқоршы анаға ыстық лебізін білдіріп, тәрбие ісінің орынбасары Шакижанова Алма Қоныспаевна баласының тәрбиесі үшін мектеппен тығыз байланысын тілге тиек ете отырып алғыс хат табыс етті. Қамқорлығы мен аялы алақаны кең анамыызға ризашылығымыз шексіз!

                      ЖББ №5 ОМ кітапхана меңгерушісі  Махашова К.Ш.