Размер шрифта:

«Отбасы-бақыт мекені»

«Отбасы-бақыт мекені»

     Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде  08-15 қыркүйек аралығында «Отбасы күніне» арналған іс-шаралар өткізілді.Мектеп кітапханасында  «Отбасы-бақыт мекені» атты кітап көрмесі, 1-4 сыныптар аралығында  «Менің үйім-менің отбасым»тақырыбында  сурет көрмесі өткізілді.Өткізілген  бұл шарада 2А сыныбы І орын ,3А сыныбы ІІ орын , 4Ә сыныбы ІІІ орынды иеленді. Орта буын яғни, 7-8 сыныптар аралығында  «Отбасым–алтын діңгегім» атты шығармалар сайысы болды, нәтижесінде 7 сыныптар арасында  Амантай Гаухар  І орын ,Рамазанова Әйгерім ІІ орын,Қартабаева Назерке  ІІІ орынды иеленсе,  8сыныптар аралығында  Мақажан Ерсана І орын,Жұмақанова Ақжарқын ІІ орын,Амантай Әділет ІІІ орынды иеленді.Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Иманғалиева Жаңыл Мұратовна және Ибраева Гүлжазира Қуанышбековна 9-10 сынып оқушыларымен  «Қазіргі отбасының мәселелері мен оны шешудің жолдары» атты дөңгелек үстел  ұйымдастырды, онда оқушылар өз жанұялары туралы  өз ойларын ортаға салды. Денешынықтыру пәні мұғалімдері Құдайбергенов Жақсыбек Есбергенұлы  және Сайатов Жәнібектің ұйымдастыруымен  5-6 сынып оқушылары және ата-аналары арасында  «Бірге жетістіктерге жетеміз» атты отбасылық-спорттық эстафеталық жарыс өткізіліп қорытындысында  Ахановтар отбасы І орынды, Омаровтар отбасы ІІ орынды иеленіп мадақтамамен және сыйлықтармен  марапатталды.Мектептің акті залында оқушыларымыз дайындаған үлкен концерт болды.Сонымен қатар 1-10 сынып жетекшілері  өз сыныптарындағы үлгілі отбасылар жайында  «Біздің тату отбасы»тақырыбында  коллаж-альбомдар жасады. Қалалық отбасы күніне арналған  спорттық  сайысқа  мектебіміздің 2А сыныбының ата-анасы Кайыпбергеновтар отбасы қатысып жүлделі 5 орынды иеленіп қайтты. Отбасы күніне  арналған іс-шаралар жалғасын таба бермек. Егеменді елімізде тату отбасылары көбейіп, балаларымыздың балалық балдәурендері шаттыққа тола берсін.