«Қуан халқым, қуанатын күн бүгін, Тіл Заңының күшіне енген күн бүгін!»

Ұлт үшін, халық үшін тілдің орны ерекше.Міне,осыдан болар біздің мемлекетімізде жылда Тілдер күні қарсаңында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, кең көлемде атап өтеді. Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шараның мақсаты мемлекеттік тілді насихаттау, ынтымақтастықты, рухани тұтастықты ,Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету болып табылады.
ЖББ №5 орта мектебінде 15.09 - 22.09 –аралығында ҚР Тілдер апталығының ашылуы салтанатты жиынмен мектеп директоры А.Т. Абдуалиева ұстаздар мен оқушыларды тіл мерекесімен құттықтап, атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі. 10 «А» сынып оқушысы Саденова М. 9 «А» сынып оқушылары Есмұратова С, Иткарина Л. үш тілде ақын- жазушылардың өлеңдерін оқыды, бірлестік жетекшісі Жаңыл Мұратовна іс-шаралар жоспарымен таныстырып өтті. «Қазақстан-достық мекені» тақырыбында бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Б.Е.Каукенова сурет көрмесін, кітапханада«Тіл-ұлттың тірегі» атты кітап қөрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өздеріне керек материалдарды алды.Сурет көрмесінде 5-6 сыныптың оқушылары белсене қатысты.. «Үштілділік-өмір талабы» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында Ж.М.Имангалиева ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияға 8 «А» сынып оқушылары Хайрулаева А, Мақажан Е. 9 «А» сынып оқушылары С. Есмұратова , Ж.Қосыбаева «Үштілділік мемлекеттік бағдарламаның іске асу жолдары» тақырыбында баяндамалар жасады. Қатысқан оқушылар жан-жақты дайындықпен келіп, өз ойларын ортаға салды. 5 «А», 6 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Ш.Д. Жетыбаева, Т.Д.Мұқаметжан қаламыздағы корей ұлттық -мәдени орталығына саяхат жасап қайтты. Корей ұлтының салт-дәстүрі, ұлттық тағам түрлері , өнері туралы кең мағлұмат алды. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Г.Қ.Ибраева 10 «А» сынып оқушыларымен «Жүсіпбектің шығармашылық мұрасы» (Ж.Аймауытовтың туғанына-125 жыл толуына орай) тақырыбында әдеби-салон өткізді. Оқушылар Ж.Аймауытовтың өмірінен көрініс көрсетіп, шығармалары, мұрасы жайлы кең көлемде ой бөлісті. Ашықбаев А.ақын бейнесін сәтті сомдаса, М.Саденова арысқа арнап өз ой толғауын оқыды. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.М.Абитаева 6 «А» сыныптары арасында, «Ох, уж, эти сказки !» атты КТК өткізді. Оқушылар халық ертегілерінен әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, көріністер қөрсетті. Белсенділік танытқан «Фиалка» ұлдар тобы жеңіске жетті. 6 «А» мен 7 «А» сыныптары арасында қазақ тілі пәні мұғалімі Б.Т. Адамбаева «Елім деп жырлаған үш бәйтерек » атты әдеби-сазды кеш өткізді. Бейімбет пен Ілиястың шығармаларынан үзінді оқып, Сәкеннің әндерін тыңдады. 5-10 сыныптар «Тіл бірлігі – ел бірлігі!» тақырыбында қабырға газеттерін шығарды. Шығарылған газеттің мазмұндылығы, рәсімделуі, сапасы жағынан 8 «А», 5 «А», 7 «А» сыныптары дайындаған газеттерін атап айтуға болады. 22 қыркүйек яғни «Тілдер күні » сынып жетекшілер өз сыныптарында «Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.Тілдер апталығының қорытындысы өз мәресіне жетіп, белсенділік танытқан оқушылар мен сыныптар марапатталды. Мемлекеттік мәртебеге ие қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп,тұғырын нығайта түсу - әрқайсымыздың перзенттік парызымыз.Тіл –тәуелсіздік тұғыры. Осыны естен шығармайық.
ЖББ №5 ОМ кітапхана меңгерушісі
Махашова К.Ш.