Размер шрифта:

Өмір –сен қымбатсың маған!

Өмір –сен қымбатсың маған!

Қатысқан сынып :8 “А”

Орындаған: педагог- психолог Ибраева А.С.

Мақсаты :

- өмір  адам  баласына  бір ақ  рет  берілетін  қымбат  сый  екеніне ықпал  ету.

- адам  бойында  болатын асыл  қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік  сезімдерін  дамыту . Жақсы  қасиеттерді  үйрету, жаман  қасиеттерден  жиренту .

- балалардың  ойын  ашу , өмірге  деген  көзқарастарын  қалыптастыру .

1.Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.

Мысалы:- «Өмірдің ағымынан қалмау»

-«ешқашанда білмеймін демеу»

-«қасындағыларға көмектесу» …

2.“ Ойлануға  арналған  балықтар ” жаттығуы. 

}- Өмір  дегеніміз не , қалай  түсінесің ?

}- Өмір  сүру  жақсы ма ,әлде  жаман ба ?

}- Сен  бақыттысың ба ?

}- Сені  не  қобалжытады , сондай  кездерің  болады  ма?

}- Өз - өзіне  қол  жұмсау  ерлік пе ,әлде  әлсіздік  пе ?

}- Егер  саған  біреу  қатты дауыс  көтеріп  ұрысса , сен  не  істейсің ?

}- Сенің  мінезіңнің  жаман , жақсы  жақтары  қандай ? 

}-Келешекте  сен  өз  өміріңді  қалай  құрар  едің ?

3.“ Егер  сен  ағаш  болсаң” тренинг .

 Нұсқау:балалар ,(жапырақ , діңгек , тамыр) біреуін  таңдаулары керек , неге  таңдағандарын  айтып  түсіндірулері  қажет.

}       жапырақ  - ол  көктейді , гүлдейді;

}     діңгек  -  барлық  ауыртпашылықты , жауапкершілікті  көтереді ;

}      тамыр – ол арқылы  бүкіл  ағаш  қоректенеді ;

4.Келесі  тренинг  “ Менің  мақсатым”

 Психологиялық  кеңес :  қызықты  өмір  сүру  үшін   ...

}  - ай сайын  жаңа  кітап  оқы , оқығандарыңды  көңіліңе  тоқы ,

}   - икемің  бар  іспен айналыс , мыс. (ән  айту , би  билеу , шеберлік істер )

}   - әрбір  демалыс  күніңе  жоспар  жасап, қызықты  өткізуге  тырыс ,

}   - ертеңгілік  жаттығу  жаса , сергек  жүресің ,

}   - ата – анаңа , бауырларыңа т.б. жақындарыңа  көмектесіп  тұр.

}   - әр айдың бір  күнінде  өзіңді  басқа  біреудің орнына  қойып  көр , содан     

}    өзгеше  ойлап , тәлім  алуға  тырыс ,

}   - әр  күні  кешке “ мен  бүгін  не істедім?” деп  өзіңе  есеп  беріп  үйрен ,

}    - күнделік  жазуға  дағдылан , ол  сенің  ең  сенімді  серігің  бола алады