Педагогтарды жұмысқа қабылдау конкурсы

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№ 10 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогтерді жұмысқа қабылдауға конкурс жариялайды

№№

Лауазымы

Бос орындар саны

Бос сағаттар саны

Қандай мерзімге

1

Ағылшын тілі мұғалімі

1

16 сағат

Негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс уақытында

2

Орыс тілі және әдебиет мұғалімі

2

32 сағат

 

3

Математика мұғалімі

2

32 сағат

 

  1. Лауазымдардың біліктілік сипаттамалары.

      Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және «Құндылықтарға негізделген білім беру»тұжырымдамасы негізінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.

        Білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.

       Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады.

Қысқа мерзімді жоспарлар, бөлімге жиынтық бағалау және тоқсанға жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды.

       Электрондық журналдарды толтырады.

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелі-белсенділік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оларды оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес толық көлемде іске асыруды қамтамасыз етеді.

        Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қауымдастықтардың отырыстарына қатысады.

        Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.

      Арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

        Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады.

        Ата-аналарға кеңес береді.

        Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды.

         Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

         Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

        Жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындайды.

        Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

        Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды,тізбесін толтырады.

       Білім беру процесінің барлық субъектілері, оның ішінде балалар отбасы қатысатын ұйымға «Құндылықтарға негізделген білім беру»тұжырымдамасын енгізеді.

        Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті,  академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.

        Біліктілікке қойылатын талаптар:

        тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қоймай, тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім;

       және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі-5 жыл;

       және (немесе) біліктіліктің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

       Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:

       1) «педагог (санатсыз):

        білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;

       білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

       білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

        2) педагог-модератор:

       «педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалану, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

      3) педагог-сарапшы:

       «педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

       ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;

       тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіптік дамудың басымдықтарын сындарлы түрде айқындау: білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің;

       аудан/қала деңгейінде тәжірибе жинақтау, аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

      4) педагог-зерттеуші:

       «педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

       Сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

       білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

       аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегияларын сындарлы айқындау;

        Облыс/Республикалық маңызы бар қалалар және Астана, Республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) тәжірибені жинақтау;

        Облыс/Республикалық маңызы бар қалалар және Астана, Республика деңгейінде (Республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

        5) педагог-шебер:

        «педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

авторлық бағдарламаның болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе          Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;

        ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

        облыс деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

          Республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе Республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын даярлау.

       Еңбекақы мөлшері білім деңгейіне, жұмыс өтіліне, біліктілік санатына байланысты.

       Конкурсқа қатысу үшін:

       Конкурстық комиссия құжаттарды Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№ 10 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Желтоқсан көшесі, 4 мекенжайы бойынша қарауға қабылдайды. Анықтама телефоны: 44911, 48776. Құжаттар конкурс жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде (2023 жылғы 16-26 қантар аралығында) ұсынылады.