"Балақай" бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес "Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту: проблемалар,шешу жолдары" тақырыбында педагогикалық кеңес болып өтті.
"Балақай" бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес "Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту: проблемалар,шешу жолдары" тақырыбында педагогикалық кеңес болып өтті.
Педагогикалық кеңесте "Балалармен сөйлеуді дамытуда әртүрлі формалар мен әдіс тәсілдерді қолдану" тақырыбы аясында
Аширбекова Р.С, Кенжебаева Г.Н өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
"Балалардың сөйлеу тілін дамытуға пәндік-кеңістік ортаның әсері"
тақырыбында тәрбиешілер
Ахметова Ж.Ж мен Дюсенбекова М.Е өз кезектерінде топтағы атқарылған жұмыстары яғни бала тілін дамытуға арналған бірнеше ойын түрлерін де мысалға келтірді.
Кіші топ тәрбиешісі Толеубаева А.С тақырыбы:"Ертегі мектеп жасына дейінгі балалардың үйлесімді сөйлеуін дамыту құралы" болды.Өз кезегінде балаларға арнап жасаған бірнеше театр түрлерінің нұсқаларын көрсетті.
Ал "Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы заманауи технологиялар" тақырыбын Нукербекова А.К, Курманбекова А.Б. өздерінің топтағы балаларымен жүргізілген жұмыстарын салыстырып атап өтті.