"Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығы
17-10-2022 14:45

Приказ Министерства образования и науки РК от 19.06.2020 № 254

"Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығы

(2020.17.07. берілген өзгерістермен)

"Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының10-бабының1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырғанМектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрініңкейбір бұйрықтарыныңкүші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініңМектепке дейінгі және орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтыңҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініңинтернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініңЗаңқызметі департаментіне осы тармақтың1), 2)-тармақшаларында көзделген іс-шаралардыңорындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтыңорындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан РеспубликасыныңБілім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрықалғашқы ресми жарияланған күніненкейін қолданысқа енгізіледі.

ҚазақстанРеспубликасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбето
в

ҚазақстанРеспубликасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 19 маусымдағы
№ 254 Бұйрықпен
бекітілді

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланыңқұқықтары туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалықтүзеу арқылы қолдау туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердіңмәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасыныңарнаулы мемлекеттік органдары туралы" заңдарына, "Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының10-бабының1) тармақшасына, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан РеспубликасыныңКодексіне сәйкес әзірленген.

2. Қағидалар түріне, меншік нысанына және ведомстволықбағыныстылығына қарамастан мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарға мектеп жасына дейінгі балаларды қабылдау (кезекке қою, жолдамаларды беру, құжаттарды қабылдау, мектепке дейінгі ұйымға қабылдау) тәртібін айқындайды.

3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) архив - мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдаманы табысты алуға байланысты немесе осыҚағидаларда көзделген басқа да себептер бойынша кезектен алынған өтініштер жиынтығы;

2) блокчейн технологиясы - түзетуге жатпайтын деректерге өзгерістер енгізуді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілі бір қағидалар бойынша деректерді сақтау және өңдеу архитектурасын құру тәсілі;

3) бос орын - баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін мектепке дейінгі ұйым, жас тобы, тәрбиелеу және оқыту тілі, жас кезеңі, топтыңтүрі (жалпы дамытушы, арнайы), жұмыс тәртібі (толықкүн болатын, жарты күн болатын, тәулікбойы болатын), қабылдау тәртібі (жалпыға бірдей белгіленген, ерте брондау, уақытша болу), мектепке дейінгі ұйымға баратын күні бойынша шектеулердіңболуын және қабылдаудыңбасталатын күні көрсетілген бос орын туралы ақпарат;

4) босаған орындар бюллетені –кезектілікті басқару жүйесіне бөлу үшін мектепке дейінгі ұйымдардан бос орындарды беру хронологиясын күн сайын тіркейтін хаттама;

5) жалпыға бірдей белгіленген қабылдау тәртібіндегі бос орын - жолдама алғаннан кейін жолдаманыңқолданылу мерзімі бірден есептелетін бос орын;

6) ерте брондау тәртібіндегі бос орын – орын нақты босағанға дейін ерте жолдама алуға болатын бос орын; жолдаманыңқолданылуын есептеу мерзімі және мектепке дейінгі ұйымға қабылдау рәсімі орын нақты босатылғаннан кейін басталады;

7) кезектілікті басқару жүйесі – мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қоюға және орындарды бөлуге өтініштерді қабылдаудыңбизнес-процестерініңавтоматты орындалуын қамтамасыз ететін көрсетілетін қызметті берушініңақпараттықжүйесі;

8) кезектілік нөмірі – осы кезекте басқа да өтініштерге қатысты кезектегі өтініштер реті;

9) кері қайтарылып алынған орындар бюллетені – кезектілікті басқару жүйесіне мектепке дейінгі ұйымдардан бұрын бөлуге берілген орындарды қайтару (кері қайтарып алу ) хронологиясын күн сайын тіркейтін хаттама;

10) мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдама (бұдан әрі – жолдама) – мектепке дейінгі ұйымға қабылдау және тиісті құжаттарды рәсімдеу кезеңінде мектепке дейінгі ұйымнан өтініш берушіге орынныңуақытша сақталуы туралы хабарлама;

11) өтініштер кезегі (бұдан әрі – кезек) - кезектілікті басқару жүйесінде табысты тіркелген және осы Қағидаларға сәйкес бір-біріне қатысты реттелген мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға арналған өтініштер;

12) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісініңбастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісініңұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондықнысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

13) тоқтату парағы – өтініш берушілер тарапынан жіберілген тәртіп бұзушылықанықталған жағдайда жолдама алу мүмкіндігі тоқтатылған, кезектен алынған өтініштер орналастырылатын уақытша архив;

14) уақытша болуға арналған бос орын – уақытша кеткен тәрбиеленушініңмектепке дейінгі ұйымда сақталатын бос орны, сондықтан осы орынға қабылданатын баланыңкелу мерзімі шектеулі болады;

15) хабарлама – өтініш берушіге мектепке дейінгі ұйымнан орын алудыңбелгіленген кезеңдерінен өткені туралы хабарлау мақсатында кезектілікті басқару жүйесімен жолданған электронды мәтіндік хабарлама.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

1-параграф. "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

4. "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызмет) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың(облыстықмаңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандықмаңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдықокругтердіңәкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

5. Кезекке қою жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушініңкеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялықемес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы және (немесе) "электрондықүкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қағидалардың1-қосымшасына сәйкес өтініш, сондай-ақ"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының(бұдан әрі - Кезекке қою жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Көрсетілетін қызмет процесініңсипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі енгізілген кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардыңтізбесі, сондай-ақкезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызметтіңерекшеліктері ескерілген басқа мәліметтер осы Қағидалардың2-қосымшасына сәйкес Кезекке қою жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметстандартында берілген.

Көрсетілетін қызметті алушының"жеке кабинетінде" кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұранымды қарау мәртебесі туралы ақпарат көрінеді, сондай-ақкезекке қою жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтіңнәтижесін алған күні және уақыты көрсетілген хабарлама орналастырылады.

Көрсетілетін қызметті берушініңкеңсесі, Мемлекеттік корпорацияныңқызметкері Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттардыңдұрыстығын тексере отырып, тіркейді; көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толықұсынған жағдайда кезекке қою жөнінде кезектілік нөмірі көрсетілген хабарлама (ерікті түрде) беруді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы Кезекке қою жөніндегі мемлекеттік көрсетіле қызмет стандартының8-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толықұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) Мемлекеттік корпорацияныңқызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Қағидалардың3-қосымшасына сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.

Жеке басты куәландыратын құжаттар жөнінде мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияныңқызметкері "электрондықүкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттықжүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжатты (немесе нотариалды бекітілген сенімхат бойынша оныңөкілін), тиісті құжаттарды қабылдау жөнінде қолхатты көрсету негізінде жүзеге асырылады.

6. Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуші құжаттарды түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардыңтолықтығын 30 минут бойы тексереді. Толықболмаған жағдайда, көрсетілген мерзімде өтінішті қарастырудан бас тарту жөнінде дәлелді жауап дайындайды, ол өтініш берушініңпорталдағы "жеке кабинетіне" электронды құжат түрінде жолданады.

Ұсынылғанқұжаттардыңтолықтығы анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кезекке қою жөнінде кезектілік нөмірі көрсетілген хабарламаны (ерікті түрде) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушініңуәкілетті тұлғасыныңЭЦҚ-мен куәландырылған электрондыққұжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының"жеке кабинетіне" жібереді.

7. Кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыныңөтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушініңбастамасымен көрсетілетін қызметті берушініңжәне мемлекеттік органдардыңақпараттықжүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушыныңұялы байланысыныңабоненттік құрылғысыныңтелефон нөмірін www.egov.kz "электрондықүкімет" веб-порталында тіркей отырып, проактивті жолмен көрсетуге болады және оған:

1) көрсетілетін қызметті алушыға кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраным жасалған автоматты хабарлама жіберу;

2) проактивті қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыныңұялы байланысыныңабоненттік құрылғысыныңкөмегімен көрсетілетін қызметті алушыныңкелісімін алу, сондай-ақкөрсетілетін қызметті алушыдан басқа қажетті, оныңішінде шектеулі қолжетімді мәліметтерді алу енеді.

8. Көрсетілетін қызметті алушыныңтаңдауы бойынша кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызмет "Бала тууды тіркеу, оныңішінде азаматтықхал актілерініңжазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызметімен жиынтықта "бір өтініш" қағидасы бойынша көрсетіледі.

9. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының5-бабы 2-тармағының11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушімемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісініңақпараттықжүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

10. Кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушініңшешімдеріне,әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасыныңзаңдарына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысыныңатына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушыныңкөрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының25-бабының2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Мемлекеттік корпорация қызметкерініңәрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген шағым корпорацияныңинтернет-ресурсында көрсетілген мекен-жай бойынша Мемлекеттік корпорацияныңбасшысына жолданады.

11. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияныңмекен-жайына келіп түскен кезекке қоюжөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыныңшағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастырылады.

12. Шағым көрсетілетін қызметті алушының"жеке кабинетінен" портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органныңмекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушыныңшағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Кезекке қою жөніндегі көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

13. Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін жалпы кезек елді мекенге (қала, ауыл, кент) тиістілігі бойынша, балалардыңтуған жылы бойынша және әр туған жылы үшін өз кезегі қалыптастырылады.

Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға кезек елді мекендегі жеке нақты мектепке дейінгі ұйымға балалардыңтуған жылы бойынша және әр туған жылы үшін өз кезегі қалыптастырылады.

Егер мектепке дейінгі ұйым әртүрлі күтім, түзету түрлері бар топтардыңболуын қамтамасыз етсе, кезек балалардыңтуған жылы және балаларда бар бұзушылықтардыңтүрлері бойынша бөлінеді.

Санаториялықмектепке дейінгі ұйымдарға кезек елді мекендегі жеке нақты мектепке дейінгі ұйымға балалардыңтуған жылы бойынша және әр туған жылы үшін өз кезегі қалыптастырылады.

Егер мектепке дейінгі ұйым әртүрлі оңалту/алдын алу түрлерімен балалар топтарыныңболуын қамтамасыз етсе, кезек балалардыңтуған жылы және оңалту/алдын алу түрлері бойынша бөлінеді.

14. Кезектердегі өтініштер өтініш берушініңөтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады.

15. Баланыңата-анасы немесе заңды өкілі бір елді мекенде мектеп жасына дейінгі кезеңде кезекке кемінде 3 (үш) рет тұраалады.

16. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға кезектен тыс немесе бірінші кезекте жолдама алған баланыңата-анасы немесе заңды өкілі басқа мектепке дейінгі ұйымды таңдағанда бір ай өткен соңжалпы кезекке тұрады және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымға жолдама алады.

17. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланыңата-анасы немесе заңды өкілі растайтын құжаттары болған жағдайда бір мезгілде бірнеше кезекте – жалпы кезекте, арнайы, санаториялықмектепке дейінгі ұйымға кезекте тұра алады.

18. Өтініш беру және кезекте болу үшін баланыңжасы ағымдағы оқу жылында 1 қыркүйекте 6 жастан аспайды (психологиялық-медициналық-педагогикалықкомиссияныңқорытындысы бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардан, ағымдағы жылдың1 қыркүйегіне дейін 6 жасқа толмағанбалалардан басқа).

19. Басқа мектепке дейінгі ұйымды таңдағанда, бала мектепке дейінгі ұйымнан шығарылады және баланыңата-анасы немесе заңды өкілі мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға кезекке тұру үшін өтініш береді.

20. Кезектегі өтініштер:

1) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердіңмәртебесі туралы" Қазақстан РеспубликасыныңЗаңының52-бабының3-тармағына сәйкес және "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан РеспубликасыныңЗаңының78-бабының8-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардан кезектен тыс орын алуға құқығы бар балалардыңата-аналарыныңнемесе заңды өкілдерініңөтініштері келіп түскенде;

2) "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының12-бабының3-тармағына сәйкес педагогтердіңбалаларының; заңды өкілдері мүгедектер болып табылатын балалардың; ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған балалардыңжәне жетім балалардың; көп балалы отбасылардан шыққан балалардың; ерекше білім беруді қажет ететін балалардың; мүгедек баласы бар отбасындағы балалардыңата-аналарыныңнемесе заңды өкілдерініңмектепке дейінгі ұйымдардан бірінші кезекте орын алу үшін өтініштері келіп түскенде;

3) өтініштіңжеңілдік мәртебесі өзгергенде;

4) өтінішті кері қайтарып алу нәтижесінде кезектен алынғанда;

5) жолдама берілгенде;

6) өтінішті тоқтату парағына, архивке орналастырғанда;

7) өтініш беруші мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделі болмаған жағдайда жаңартылады.

21. Кезектердегі өтініштер әрбір топтыңішінде бір-біріне қатысты өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады.

Кезектен тыс орын алу бойынша өтініштер бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштердіңалдына қойылады.

Бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштер жалпы негізде берілген өтініштердіңарасында "үшеуге біреу" арақатынасында бөлінеді, яғни (басымдығы бар өтініш (бірінші кезекте құқығы) жалпы негізде берілген үш өтініштен кейін орналастырылады.

22. Өтініш берушінің, баланыңжеке басын куәландыратын, заңды өкілдің, бала мен өтініш берушініңарасындағы құқықтарыныңболуын растайтын барлықақпаратты, мектепке дейінгі ұйымға орын алудыңкезектен тыс немесе бірінші кезекті орын алуға құқығын растайтын ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші басқа тәртіпті белгілмеген жағдайда кезекке қоюға жаңа өтініш тіркелген сәтте және мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдама алғаннан кейін екі рет тексереді және растайды.

Бұл жағдайда өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушіге тексеру үшін тексерілетін құжаттардыңтүпнұсқаларын тіркеуге өтініш жіберген немесе қабылдауға жолдама алған сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуы тиіс. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардыңдұрыстығын олар ұсынылған сәттен бастап 30 минуттан кешіктірмей, яғни кезекке тұру тәртібімен растауы тиіс. Тек құжаттар расталғаннан кейін өтініш кезекте тіркеледі, өз кезектілігін алады, ал жолдама бойынша қабылдауғабөлінген кезеңді есептеу басталады және ол мектепке дейінгі ұйымға қолжетімді болады.

23. Өтініш берушіге:

1) кезекке қоюға өтініш беру, берілген өтінішті өзгерту, кезектен өтінішті қайтарып алу, мектепке дейінгі ұйымға берілген жолдаманы алу және жою, жолдаманыңқолданылу мерзімін ұзарту, өтініш пен жолдаманыңөзгеруі туралы хабарламаны алу;

2) жылына бір рет мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделілігін растау;

3) босаған орындар туралы ақпаратты зерделеу және мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға электрондықжолдаманы алу;

4) кезектілікті басқару жүйесінде жеке кабинеттегі есептік мәліметтерді сақтау және үшінші тұлғаларға бермеу мүмкіндігі беріледі.

24. Тәулік бойы жұмыс істейтін және жаңа бос орындардыңпайда болуына қарай өтініш берушілер арасында бос орындарды бөлудіңүздіксіз процесін жүзеге асыратын кезектілікті басқару жүйесі:

1) кезекке қоюға өтінішті тіркейді (немесе тіркеуден бас тартады), өтінішті тоқтатупарағына орналастырады, берілген жолдамалар бойынша мектепке дейінгі ұйымдар тарапынан қабылдаудан бас тартуды қарастырады;

2) күн сайын мектепке дейінгі ұйымдардан жас тобы көрсетілген бос орындардыңпайда болуы туралы ақпаратты қабылдайды;

3) күн сайын сағат 18:00-де (он сегізде) мамандандырылған интернет-ресурста босаған орындар бюллетенін жариялайды (регламенттік уақыт көрсетілетін қызметті берушініңнормативтік актісімен өзгертілуі мүмкін);

4) күн сайын таңғы сағат 07:00-де (жетіде) ұсынады (регламенттік уақыт көрсетілетін қызметті берушініңнормативтік актісімен өзгертілуі мүмкін, алайда күнделікті сағат 23:59-дан кешіктірілмеуі тиіс), бірінші өтініш берушілер (барлығына бір уақытта) үшін ғана шектеулі мерзімге - 3 (үш) жұмыс күніне жолдама алуға басым қолжетімділікті ашады;

5) өтініш берушілерге өздері таңдаған мектепке дейінгі ұйымға бару үшін электрондықжолдама алуға мүмкіндік береді;

6) ерте брондалған орын белгіленген мерзімнен ерте босатылса, оныңмәртебесін автоматты түрде бос орын мәртебесіне өзгертеді;

7) жинақталатын мәліметтерді рұқсатсыз араласудан қорғауды қамтамасыз ету үшін барлықөтініштер тізіліміне, барлықжолдамалар тізіліміне, босаған орындар бюллетеньдерініңтізіліміне блокчейн технологиясы қолданылады;

8) мамандандырылған интернет-ресурста өтініштер туралы ақпаратты жариялайды және белсендіреді;

9) 6 (алты) жасқа толған баланыңөтінішін (психологиялық-медициналық-педагогикалықконсультацияныңқорытындысы бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардан, ағымдағы жылдың1 қыркүйегіне дейін 6 жасқа толмаған балалардан басқа) кезектен алып тастайды және оны барынша мүмкін болатын жасқа жетуіне байланысты архивке орналастырады;

10) 3 (үш) күннен кейін бөлуден қалған бос орындарды кезектегі бірінші 1000 (бір мың) өтініш берушілер үшін ашады.

25. Мектепке дейінгі ұйымдарға:

1) ішкі қажеттіліктерге байланысты міндетті түрде себептерін (күрделі жөндеу, карантин, мемлекеттік тапсырыстыңкүшініңжойылуы, жабылу) көрсете отырып, бұрын бюллетеньде жарияланған, оныңішінде ерте брондалған бос орындарды және уақытша болатын бос орындарды қайтару;

2) өтініш берушіге хабарлама жібере отырып және өтінішті кезекке қайтару арқылы кері қайтарылған бос орындарға берілген жолдаманыңкүшін жою;

3) бос орындар бюллетенінде ерте брондау орындарын жариялау (мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдарға);

4) бос орындар бюллетенінде баланыңмектепке дейінгі ұйымнан шығарылу мерзімін көрсете отырып, уақытша болу мерзімініңөтуіне байланысты уақытша болу орындарын жариялау, сонымен бірге уақытша болуға жолдама алған баланыңкезегін сақтау мүмкіндігі беріледі.

26. Жалпы кезек үшін жолдама өтініш берушініңбастамасы бойынша кезектілікке, баланыңжасына сәйкес беріледі.

27. Арнайы және санаториялықмектепке дейінгі ұйымға кезек үшін жолдама өтініштердіңкезектілігіне сәйкес беріледі.

28. Жолдама беру кезінде жас тобын анықтау үшін баланыңжасы ағымдағы оқу жылының1 қыркүйегіндегі толықжасы бойынша есептеледі;

29. Жалпы кезекте бірнеше балаға өтініш берген өтініш берушіге мектепке дейінгі ұйымға жолдама алған сәтте бір мезгілде барлықбалаларға бірдей осы ұйымда қажетті орын саны болған жағдайда жолдама алуға мүмкіндік беріледі (өтініш берушініңқалауы бойынша);

30. Өтініш берушіге жолдама берілген сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірмей, берілген жолдаманыңкүшін өз бастамасы бойынша жоюға, белгіленген мерзімде мектепке дейінгі ұйымға келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда (ауруы, емделуі, іссапар, демелыс) қосымша 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін бір рет ұзарту мүмкіндігі беріледі.

2-параграф. "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

31. "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызмет) барлықтүрлердегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

32. Балаларды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушініңкеңсесіне немесе "электрондықүкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қағидаларға 4-қосымшаның8-тармағында сәйкес құжаттарды ұсынады.

Көрсетілетін қызмет процесініңсипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі енгізілген балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардыңтізбесі, сондай-ақбалаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетудіңерекшеліктері ескерілген басқа мәліметтер Қағидалардың4-қосымшасына сәйкес "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында берілген.

Көрсетілетін қызметті алушының"жеке кабинетінде" балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұранымды қарау мәртебесі туралы ақпарат көрінеді, сондай-ақбалаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметтіңнәтижесін алған күні және уақыты көрсетілген хабарлама орналастырылады.

Көрсетілетін қызметті берушініңкеңсесі осы Қағидаларға 4-қосымшаның8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардыңтолықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толықұсынған жағдайда мектепке дейінгі ұйым мен ата-анасыныңбіреуі немесе баланыңзаңды өкілі арасында жасалған келісім шарт негізінде көрсетілетін қызметті беруші баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдауды жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаның8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес сәйкес құжаттар топтамасын толықұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөніндедәлелді жауап береді.

Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуші құжаттарды түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардыңтолықтығын 30 минут бойы тексереді. Толықболмаған жағдайда, көрсетілген мерзімде өтінішті қарастырудан бас тарту жөнінде дәлелді жауап дайындайды, ол өтініш берушініңпорталдағы "жеке кабинетіне" электронды құжат тұрінде жолданады.

Ұсынылғанқұжаттардыңтолықтығы анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші электронды сұранымды толтырады және құжаттардыңэлектронды көшірмелерін тіркейді; электронды сұранымды өңдегеннен (тексергеннен, тіркеуден) кейін көрсетілетін қызметті алушыға электронды сұранымныңмәртебесі, балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі, ЭЦҚ-мен қол қойылған электронды құжат түріндегі балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетудіңнәтижесін – баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдауды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді.

33. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының5-бабы 2-тармағының11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісініңақпараттықжүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

34. Көрсетілетін қызметті беруші келесі себептермен баланы қабылдамайды:

1) өтініш беруші келісім шарт жасау үшін талап етілетін құжаттарды ұсынбаған немесе құжаттардыңқолданылу мерзімі өтіп кетсе (баланыңденсаулықпаспорты және келісім шарт жасалған күннен 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген баланыңденсаулықжағдайы туралы анықтама ұсынбауы);

2) талап етілген құжаттарға сәйкес балада мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін медициналыққарсы көрсетілімдері болса;

3) растайтын құжаттарды ұсынуда өзге де себептердіңболуына байланысты.

35. Мектепке дейінгі ұйымдарда тұрақты немесе уақытша болуға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау оларда бос орындар болған жағдайда жыл бойы жүргізіледі.

36. Балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушініңшешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасыныңзаңдарына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысыныңатына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушыныңкөрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының25-бабының2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Шағым көрсетілетін қызметті алушының"жеке кабинетінен" портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органныңмекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушыныңшағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

Мектепке дейінгі білім беру
саласында мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушіге
____________________________
мекенжайында тұратын
____________________________
(тегі, аты, әкесініңаты
(бар болса)(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
қағаз түрінде толтырған
жағдайда)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі– ЖСН)
____________________________

өтініш

_________________________________________________________________

қала(кенті, ауылы)

елдімекені аумағында тұратын, ЖСН _________________________________,

__________________________________________________________________

(баланыңТ.А.Ә. (бар болса) қағаз түрінде толтырған жағдайда)(бар болғанда)

______________________ жылы туған баламды мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу

үшінкезекке қоюды сұраймын.

Хабардар етемін, бала (керегін көрсету):

1) әскери қызметшінің,оныңішінде қызмет атқару кезінде қаза тапқанның, қайтыс болғанныңнемесе хабар-ошарсыз кеткенніңбаласы (құжаттыңкөшірмесі);

2) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, оныңiшiнде қызмет атқару кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкердіңбаласы (құжаттыңкөшірмесі);

3) заңды өкілдері мүгедек болып табылатындардыңбаласы;

4) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала (құжаттыңкөшірмесі);

5) ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған бала;

6) жетім бала;

7) көп балалы отбасыдан шыққан бала;

8) педагогтіңбаласы;

9) мүгедек баласы бар отбасынан шыққан бала;

10) жоғарыда аталған санаттардыңбіреуіне қатысты емес болып табылады.

Мені берген өтінішімніңжағдайындағы өзгерістер туралы төмендегідей әдістермен хабардар етуіңізді сұраймын:

1) мобильді телефондардыңмынадай нөміріне ерікті нысанда жазылған электронды смс(sms)-хабарлама (екі нөмірден көп емес):

______________________________________________________________;

2) ерікті нысанда жазылған электронды emailхабарлама: __________________________

бойынша.

(Өмірлік жағдайлар өзгергенде, кезектегі өтініштіңжай-күйі өзгеруі мүмкін. Кезектегі өтініштер баланыңтуған жылына (күнтізбелік жыл) қарай өтініш берілген күнніңбасымдығы тәртібінде топтастырылады).

Ақпараттықжүйедегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беретіндігімді растаймын.

Қолы_______________ Күні _____________

Мектепке дейінгі білім беру
саласында мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік корпорация, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, порталға жүгінген сәтінен бастап – 30 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Кезекке қою туралы хабарлама беру (ерікті нысанда) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесі бойынша дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау "электронды" кезек тәртібінде жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүзеге асырылады, электронды кезекті портал арқылы брондауға болады;

3) портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғанда жүгінгенде, Қазақстан Республикасында еңбек заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде беріледі).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);

3) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжат;

4) әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама (бар болғанда) (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);

5) білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның сканерленген көшірмесі;

6) ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болғанда);

7) фтизиатр-дәрігердің қорытындысы;

8) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжаттар (бар болғанда).

Көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

Көрсетілетін қызметті алушы кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінгенде, құжаттардың түпнұсқаларын (сәйкестендіру үшін) және көшірмелерін ұсынады.

Порталға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;

2) әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтаманың (бар болғанда) (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды) скан-көшірмесі;

3) ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының (бар болғанда) сканерленген-көшірмесі;

4) фтизиатр дәрігердің жолдамасы.

Порталға жүгінгенде: электронды сұрау көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанында немесе бір реттік құпиясөз енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Порталда электронды сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Организм функцияларының тіршілік әрекетін шектейтін денсаулығы тұрақты бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар қажет болған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөмірлеріне жүгінгенде, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжат қабылдауды олардың тұрғылықты жерінде жүргізеді.

Егер баланың мектепке дейінгі ұйымда болуына кедергі келтіретін медициналық қарсы көрсетілімдер болса, онда ол мектепке дейінгі ұйымға қабылданбайды.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу тәртібінде порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызмет "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызметімен жиынтықта "бір өтініш" қағидасы бойынша көрсетіледі.

Мектепке дейінгі білім беру
саласында мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
3-қосымша

____________________________
(тегі, аты, әкесініңаты
(бар болғанда)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушыныңмекен-жайы)

Құжаттардықабылдаудан бас тарту туралы қолхат

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының20-бабының2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналғанүкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялықемес акционерлік қоғамы филиалының№ ___ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздіңмемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес толықемес құжаттар топтамасын ұсынуыңызға және (немесе) жарамдылықмерзімі өткен құжаттарды тапсыруыңызға, атап айтқанда, (жоққұжаттардыңатауы):

1) ________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ________________________________________

байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтіңатауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды.

Орындаушы: тегі, аты, әкесініңаты (бар болғанда)

_______________________________________________________________

Қолы_____________

Телефон ___________________________________

Қабылдады: (тегі, аты, әкесініңаты (бар болғанда)

_______________________________________________________________

Қолы____________

"____" _________ 20____ жыл

Мектепке дейінгі білім беру
саласында мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
4-қосымша

4-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің17.07.2020 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соңқолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 минут;

2) құжаттарды қабылдау сәтіне дейінгі күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мектепке дейінгі ұйым мен баланың ата-анасының бірі немесе заңды өкілі араcында жасалған келісім шарт негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің белгілеген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) порталдың: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғанда жүгінгенде, Қазақстан Республикасында еңбек заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде беріледі).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жарамды);

2) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;

5) баланың денсаулығы туралы анықтама;

6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін).

Порталға:

1) қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жарамды);

2) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат (уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынады);

3) баланың тууын куәландыратын құжат (уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынады);

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты (уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынады);

5) баланың денсаулығы туралы анықтама (уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынады);

6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін) (сканерленген көшірмесі).

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, осы аумақта көрсетілетін қызметті алушылар шектеу іс-шараларын алып тастауға, төтенше жағдайдың қолданысын тоқтатуға қарай осы тармақтың бірінші абзацының 4), 5) және 6) тармақшаларында және екінші абзацының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тікелей білім беру ұйымдарына ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414,

8-800-080-7777.

ҚазақстанРеспубликасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 19 маусымдағы
№ 254 бұйрығына
қосымша

ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылым министрініңкүші жойылған кейбір бұйрықтарыныңтізбесі

1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығы (Қазақстан РеспубликасыныңӘділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10981 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтықжүйесінде 2015 жылы 8 мамырда, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылы 23 шілдеде № 138 (28616) жарияланған).

2. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2015жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2016 жылғы 21 қаңтардағы № 58 бұйрығы (Қазақстан РеспубликасыныңӘділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13255 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтықжүйесінде 2016 жылы 10 наурызда жарияланған).

3. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2017 жылғы 11 қазандағы № 518 бұйрығы (Қазақстан РеспубликасыныңӘділет министрлігінде 2017 жылы 3 қарашада № 15966 тіркелген, ҚР НҚА электрондықтүрдегі эталондықбақылау банкінде 2017 жылы 15 қарашада жарияланған).