Размер шрифта:
Балабақшада күн тәртібін сақтау маңызы
05-09-2025 13:12
Балабақшада күн тәртібін сақтау маңызы

Балабақшада күн тәртібін сақтау маңызы

      Отбасындағы бала тәрбиесінің дұрыс болуы, ондағы ересектер әрекетін бірлігі мен ынтымақтастығына тікелей байланысты болады.

    Бұл өз кезегінде отбасындағы тәрбиелеу және білім беру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл бала дұрыс өсіп-жетілу үшін жағымды гигиеналық жағдай, әр түрлі іс-әрекет түрлерін және бос уақытын, дем алуын және т.б. ойластыруды көрсетеді. Демек, бұл қандай жаста болмасын баланың бір күндік күн тәртібін дұрыс ұйымдастырудың аса мәнді екендігін дәлелдейді. Сондықтан, «күн тәртібінің» дұрыс ұйымдастырылуы – баланың жан-жақты дамуы үшін аса қажетті тәрбиелеу – білім беруші іс-шаралар жүйесі ретінде күн тәртібін жүзеге асырудың шарты болмақ.

       Дұрыс құрылған күн тәртібі дегеніміз күн барысындағы сергу мен ұйқының үйлесуі, іс-әрекеттің әр түрінің және сергу процесіндегі демалыстың мақсатқа сәйкес тиімді алмасуы, яғни:

1) отбасында сабақ, еңбектің ұйымдастырылу уақыты мен олардың демалыспен сәйкес келуі;

2) уақытында дұрыс тамақтану;

3) ұйқының қануы;

4) таза ауада жеткілікті серуендеу.