Еңбек арқылы тәрбие: ойындар мен жаттығулар
Ата-аналарға арналған кеңес
«Еңбек арқылы тәрбие: ойындар мен жаттығулар»
Еңбек тәрбиесі – баланың жауапкершілігін, ұқыптылығын, дербестігін және еңбексүйгіштігін қалыптастырудың маңызды жолы. Баланы кішкентай кезінен жас ерекшелігіне сәйкес қарапайым еңбек әрекеттеріне тарту оның өзіне деген сенімділігін арттырып, бастаған ісін аяқтауға үйретеді.
Балаларға арналған ойындар мен жаттығулар:
- «Ойыншықтарды жинайық» – бала ойыннан кейін ойыншықтарын өз орнына жинайды.
- «Кім жылдам?» – киімдерді бүктеу, кітаптарды немесе заттарды ретке келтіру бойынша жарыс ұйымдастырылады.
- «Кішкентай көмекші» – бала дастарқан жасауға, ыдыстарды жинауға және шаң сүртуге көмектеседі.
- «Гүлге қамқорлық» – бөлме өсімдіктеріне су құю, жапырақтарын сүрту.
- «Заттың орнын тап» – әр затты белгіленген орнына қою.
- «Таза бұрыш» – бөлменің шағын бөлігін бірге жинап, ретке келтіру.
- «Аспаздың көмекшісі» – көкөністерді жуу, қамыр илеуге немесе тағамдарды безендіруге көмектесу.
- «Қуыршақты киіндірейік» – киімдерді дұрыс киюге, шешуге және жинауға жаттықтыру.
Ата-аналарға ұсыныстар:
- Балаға жасына және мүмкіндігіне сәйкес тапсырма беріңіз.
- Жұмысты ойын түрінде ұйымдастырыңыз.
- Тапсырманы өзіңіз орындап бермей, балаға дербес әрекет етуге мүмкіндік беріңіз.
- Баланың жасаған еңбегін бағалап, нәтижесі үшін мақтаңыз.
- Қателігі үшін ұрыспай, дұрыс орындау жолын сабырмен түсіндіріңіз.
- Балаға шамадан тыс күрделі немесе қауіпті тапсырма бермеңіз.
- Отбасылық жұмыстарды бірге орындауға дағдыландырыңыз.
- Еңбек ету барысында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
- Өз әрекетіңізбен балаға үлгі көрсетіңіз.
Есіңізде болсын: еңбек баланың өмірінде міндет ретінде ғана емес, қызықты әрі пайдалы әрекет ретінде қабылдануы керек. Бірлескен еңбек ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, баланың дербес, жауапты және еңбекқор болып қалыптасуына көмектеседі.