Размер шрифта:
Балалардың психикасына гаджеттердің оң және теріс әсері
26-02-2026 16:54
Балалардың психикасына гаджеттердің оң және теріс әсері

«Гаджеттердің балалар психикасына оң және теріс әсері»

Қазіргі таңда гаджеттер балалар өмірінің бір бөлігіне айналды. Оларды дұрыс әрі мөлшермен қолдану баланың дамуына пайдалы болуы мүмкін. Танымдық ойындар мен бағдарламалар баланың ойлау, есте сақтау, зейін қою қабілеттерін дамытып, жаңа ақпарат алуына көмектеседі. Сондай-ақ цифрлық сауаттылығын қалыптастырады.

Алайда гаджеттерді шамадан тыс пайдалану баланың психикасына кері әсер етуі мүмкін. Ұзақ уақыт экран алдында отыру ашушаңдыққа, мазасыздыққа, ұйқының бұзылуына, зейіннің төмендеуіне және гаджетке тәуелділікке әкеледі. Сонымен қатар бала құрдастарымен аз қарым-қатынас жасап, қимыл-қозғалысы төмендеуі мүмкін.

Ата-аналарға ұсыныстар:

  • Гаджетті пайдалану уақытын баланың жас ерекшелігіне сай шектеңіз.
  • Тамақтану кезінде және ұйқыға жатар алдында гаджет бермеңіз.
  • Бала көретін бейнежазбалар мен ойындардың мазмұнын қадағалаңыз.
  • Гаджетті баланы жұбату немесе алдандыру құралы ретінде жиі қолданбаңыз.
  • Балаңызбен бірге кітап оқып, үстел ойындарын ойнап, шығармашылықпен айналысыңыз.
  • Таза ауада серуендеуге және белсенді ойындарға көбірек уақыт бөліңіз.
  • Өзіңіз де гаджетті орынды пайдалану арқылы балаға үлгі көрсетіңіз.

Есіңізде болсын: гаджет баланың ата-анамен қарым-қатынасын, қимылды ойындарын және шынайы өмірдегі әсерлерін алмастырмауы керек. Баланың үйлесімді дамуы үшін мейірімді қарым-қатынас, белсенді қозғалыс, жеткілікті ұйқы және күн тәртібі маңызды.